ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ

Бәйтерек ауылдық округінде құқық бұзушылық іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлескен түнгі рейд жұмыс жоспары бекітіліп,  жұмыстар атқарылуда.  Атап   айтқанда,  жыл басынан бері 1 жиын, 2 рейд жүргізілді.
2025 жылдың қаңтар айында учаскелік инспекторлар мен әкімшілік қызметкерлері ауылдық клубта тұрғындарға өз мүлкіне бөтеннің қол сұғуына жол бермеуді және олардан қалай сақтану туралы жиын өткізілді. Шаруа қожалық иелеріне жиында малдарын қараусыз қалдырып, жол бойына шығып, жүргізушілерге кедергі келтіру салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып жатқандығы айтылды. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында малдарын сәйкестендіруден өткізу керектігі, жекеменшік малдарын жайылымдарға бей-берекет жібермей, қараусыз қалдырмаулары ескертілді.
         Мұнымен қатар құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында учаскелік инспектор Е.Нұртаевпен әкімшілік қызметкері Н.Бекбатчаев ауылдық округтегі дүкендерді аралап, 18 жасқа толмаған тұлғаларға алкогольдік өнімдер, темекі бұйымдарын сатуға болмайтындығы және түнгі сағат 22.00-ден бастап, таңғы сағат 8.00-дің аралығында спирттік ішімдіктер сатылмауы керектігі дүкен иелеріне ескертілді. Құқықтық тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында жасөспірімдердің түнгі уақытта жүрмеуіне ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп 1 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
         Округте құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және атқарылып жатқан жұмыстар ауылдық округтің Facebook, Instagram ресми сайттарына жарияланады.
         Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны орасан зор. Сондықтанда оны болдырмай, алдын алып отыру-баршамыздың міндетіміз болып саналады.

 

Дата публикации
31 января 2025