«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу

 

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы  арқылы көрсетіледі.

Бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ  мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

  1. «Сауда-саттық (Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды беру»
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
  4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  5. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

Соның ішінде "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі туралы, атап айтқанда, мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы жүгіне алады. Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе. Осы портал арқылы  "Онлайн сұратым" батырмасын басып, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады, Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіп немесе тіркелу қажет. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып, Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қою қажет. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле алады. 

Дата публикации
20 января 2025