«Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

     

    1. «Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. Әкімнің аппаратының ведомстволық бағынысты ұйымы жоқ.
    3. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережегесәйкес жүзеге асырады.
    4. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
    5. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
    6. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    7. Әкімнің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» әкімінің өкімі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    8. Әкімнің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 080109, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы, І.Шалбайұлы көшесі №72.
    10. Осы ЕрежеӘкімнің аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
    11. Әкімнің аппаратының құрылтайшысы «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Дата публикации
15 ноября 2024