Байзақ ауданыБәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының
2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;2023 жылдың 12 айында Бәйтерекауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш түскен жоқ. 2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны1-геазайған(2022 жылы 1 қызмет көрсетілген:Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1 қызмет).2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ. 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған. Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023 жылы 13 іс-шара ұйымдастырылып, 2534тұрғын қамтылды. «Ауыл жаңалығы» газетіне 3 мақала жарияланды(мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтінішүлгілері арнайы бұрышта орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.