Көкбастау ауылы 19.08.2026 жыл
Төрағалық еткен: Қ.Жұманов – Бәйтерек ауылдық округінің әкімі.
Хаттамалаған: Қ.Исақова – Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы.
Қатысқандар: ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері.
Күн тәртібінде:
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету туралы.
Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы Қ.Исақова жиналысқа қатысушыларды Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы 2026 жылғы 31 шілдеде қол қойған №01-6483-ЖАО хатымен таныстырды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да Заң мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің теріс қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларының сақталуына бақылауды баса назар аударуды ұсынылды.
Қызметтік әдеп нормаларының бұзылу фактілеріне уақтылы ден қоюды, олардың себептері мен жағдайларын талдап, алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіруге бағытталған профилактикалық шаралар қабылдау ұсынылды.
Жиналыс төрағасы: Қ.Жұманов
Хаттамалаған: Қ.Исақова