Ұжымымызда әдеп нормаларын сақтау, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмысы – заң талаптарын жеткізу, адалдық қағидаттарын қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жиында қызметтік этика, өзара сыйластық, жауапкершілік пен мәдени қарым-қатынастың маңызы атап өтілді. Түсіндіру барысында сыбайлас жемқорлықтың түрлері, жауапкершілік шаралары, мүдделер қақтығысын болдырмау, этикалық нормалар мен хабарлау тетіктері таныстырылды. Бұл жұмыс қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, ашықтық пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған. Әдеп нормаларын сақтау – әр қызметкердің міндеті әрі мекеменің беделін қалыптастыратын маңызды фактор. Ұжымдағы бірлік пен сенім – табысты жұмыстың кепілі екені айтылды.