GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 октября 2026
Қант қызылшасын жинау науқаны басталды

Биылғы жылы облыстағы 202 шаруашылық 9,9 мың гектарға қант қызылшасын отырғызды.

Бүгінгі күні Меркі және Шу аудандарындағы 13 диқан тәтті түбір жинауды бастады.

Қазіргі уақытта 53,0 гектар алқаптан 3,6 мың тонна өнім алынып, әр гектардағы орташа өнім 685 центнерді құрауда.

Жалпы қант қызылшасынан 450 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде. Жиналған тәтті түбір облыстағы Тараз қант зауыты мен Меркі қант зауыттарында өңделетін болады.

Ағымдағы жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 40,0 мың теңгені құрады. Яғни, қант зауыттары өткізілген өнімнің тоннасына - 15,0 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан - 25,0 мың теңге субсидия төленетін болады.

07 октября 2026
Облыс әкімі «Тараз» қант зауытындағы жаңғырту жұмыстарын тексерді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Тараз» қант зауытын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, кәсіпорынды іске қосуға дайындық деңгейін тексерді.
 
«Тараз» қант зауыты 2003 жылдан бері қант қызылшасын өңдеу және қант өндіру жұмыстарын тоқтатқан болатын. 2025 жылдан бастап кәсіпорынның өндірістік қызметін қайта жандандыру мақсатында жаңғырту жұмыстары қолға алынған.
 
«ТСЗ» ЖШС-ның директоры Федор Семеновтің айтуынша, зауытты іске қосуға дайындық жұмыстары 93-95 пайызға орындалған.
 
Жобаның жалпы құны – 12,4 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жылына шамамен 250 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы болады. Өндірістік қуаты тәулігіне 3 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге жетеді.
 
Қазіргі уақытта негізгі өндірістік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қажетті іргетастардың басым бөлігі аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар жеткізіліп, монтаждау жұмыстары атқарылуда.
 
Сонымен қатар жылу электр станциясында бу қазандықтары, сүзгілер, түтін сорғыштар мен желдеткіштер орнатылған. Өндірістік цехтар мен станциялардың технологиялық құбырларын монтаждау, электр кабельдерін жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін пайдаланылған жабдықтардың бір бөлігі қайта қалпына келтіріліп, жөндеуден өткізілді.
 
Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында 10 мердігер ұйымның және зауыттың 1000-ға жуық қызметкері екі ауысымда еңбек етуде.
 
Кәсіпорында қант қызылшасын қабылдауға қажетті таразылар орнатылып, зертхана жөнделіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
 
Мемлекет тарапынан кәсіпорынға қажетті жер телімдерін рәсімдеу, газ және электр қуатының көлемін арттыру бойынша қолдау көрсетілген.
 
Өңір басшысы зауыттың уақытылы іске қосылуымен қатар, биылғы өнімді толық әрі кідіріссіз қабылдаудың маңыздылығына тоқталды. 
 
– Жұмыс қарқыны жаман емес. Заманауи құрал-жабдықтар жеткізілген. Биыл қант қызылшасының өнімділігі жоғары. Енді бірде-бір өнім егістік алқаптарында қалмауы керек. Шаруалардың өнімін белгіленген кестеге сәйкес уақытылы қабылдау қажет. Кезек болмауы тиіс. Шаруаларға бекітілген кесте алдын ала жеткізілсін, – деді Ербол Қарашөкеев.
 
Облыс әкімі жауапты басқармалар мен кәсіпорын басшылығына зауытты іске қосу жұмыстарын жеделдетіп, қант қызылшасын қабылдау науқанын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
 
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың айтуынша, зауыт 20 қазаннан кейін қант қызылшасын қабылдауды бастауды жоспарлап отыр.
 
Биыл облыста қант қызылшасы 9,9 мың гектарға егілді. Оның ішінде «Тараз» қант зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 94 шаруашылық 5,5 мың гектар алқапқа қант қызылшасын орналастырған.
24 сентября 2026
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – басты назарда

Бүгін басқарманың мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оларды көрсету рәсімдерін жетілдіру мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынға басқарма қызметкерлері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі, сондай-ақ ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының мамандары қатысты.

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Кенжеқұлов мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен оларды жетілдіру бағыттары туралы баяндама жасады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, электрондық қызметтерді алу кезінде туындайтын техникалық мәселелер, құжаттарды қабылдау және қарау рәсімдері, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме берілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелерді жедел шешу және қызмет алушыларға қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну мәселелері қозғалды.

Жиын соңында басқарма қызметкерлері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша өзара пікір алмасты.

 

10 сентября 2026
3,3 млн. тонна мал азығы дайындалады

Аймақта шөп ору науқаны қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 301,5 мың гектар шөп орылса, оның ішінде 169,5 мың гектар көпжылдық, 5,0 мың гектар біржылдық шөп, 125,8 мың гектар табиғи шабындық және 1,1 мың гектар сүрлемдік жүгері орылды.

Бүгінгі күні 2,2 млн. тонна пішен, 131,7 мың тонна пішендеме, 471,0 мың тонна сабан, 82,6 мың тонна сүрлем және 298,0 мың тонна жем дайындалып, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.

Айта кету керек, биылғы жылы 2,2 млн. тонна пішен, 141,2 мың тонна пішендеме, 484,0 мың тонна сабан, 117,0 мың тонна сүрлем және 364,0 мың тонна қоспа жем дайындау жоспарланған. Одан бөлек, 2025 жылдан қалған қолда 99,8 мың тонна мал азығы бар.

Жалпы жоспарға сәйкес 3,3 млн. тонна мал азығы толығымен дайындалатын болады.

09 сентября 2026
29,0 мың гектар алқаптан көкөніс жиналуда

Биылғы жылы облыста жалпы 29,0 мың гектарға көкөніс дақылдары егілсе, 14,9 мың гектарға пияз, 1,8 мың гектарға сәбіз, 1,2 мың гектарға қырыққабат, 3,5 мың гектарға қызанақ, 2,8 мың гектарға қияр және 4,6 мың гектарға басқа да көкөніс дақылдары егілді.

Бүгінгі күні 22,7 мың гектар алқап жиналып, 731,1 мың тонна өнім алынды. Оның ішінде 386,1 мың тонна пияз, 31,3 мың тонна қырыққабат, 24,0 мың тонна сәбіз, 100,5 мың тонна қызанақ, 76,7 мың тонна қияр, 112,3 мың тонна басқа да көкөніс дақылдары бар.

Қазіргі уақытта пияз, қырыққабат, сәбіз дақылдарын жинау жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, облыста биыл 9,0 мың гектарға бақша дақылдары егіліп, оның 8,3 мың гектарынан 249,6 мың тонна қарбыз, 627 гектарынан 14,7 мың тонна қауын дақылдары жиналды.

08 сентября 2026
9,9 мың гектарға қант қызылшасы егілді

2026 жылы қант қызылшасының егіс көлемі 3,3 мың гектарға ұлғайып, жалпы 9,9 мың гектарға жетті. Биыл алқаптардан 450 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.

Жиналған қант қызылшасы облыстағы екі негізгі кәсіпорында өңделеді.

Тараз қант зауыты 25 жылдан кейін қайта жаңғыртылып, биылғы маусымнан бастап өндірістік жұмысын қайта бастайды. Кәсіпорынның жылдық өңдеу қуаты 200 мың тонна қант қызылшасын құрайды.

Ал Меркі қант зауыты жылына 250 мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы және тұрақты режимде жұмыс істейді.

Осылайша, екі кәсіпорынның жалпы өңдеу қуаты жылына 450 мың тоннаға жетіп, облыста өндірілген қант қызылшасын толық көлемде өңдеуге мүмкіндік береді.

07 сентября 2026
Жүгері алқабы 7,4 мың гектарға ұлғайтылды

Биыл облыста қайта өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Осыған байланысты дәндік жүгері алқабы 7,4 мың гектарға ұлғайып, 25,6 мың гектарға жеткізілді және одан 179,2 мың тонна жүгері жинау жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың шикізат базасын қалыптастыруға бағытталған. Соның бірі – жүгеріні терең өңдеуге бағытталған қытайлық Fufeng Group компаниясының өндірістік кешені.

Жобаның жалпы құны 800 млрд теңгені құрайды. Өндірістік кешеннің бірінші кезеңін 2026 жылы іске қосу жоспарланған. Бірінші кезеңде жылына 500 мың тонна жүгері өңдеу көзделіп отыр.

Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастырып, өңірдегі жүгері өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

04 сентября 2026
Су үнемдеу технологиялары 76,8 мың гектарға енгізілді

Облыста суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқап көлемін жылдан жылға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы заманауи технологиялар енгізілген алқапты 76,6 мың гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі күні су үнемдеу технологиялары 76,8 мың гектар алқапқа жеткізілді. Оның 52,9 мың гектарына тамшылатып суару, 20,0 мың гектарына жаңбырлатып суару және 3,9 мың гектарына лазерлік жоспарлаушы технологиялары енгізілді.

Айта кету керек, өткен жылы 44,6 мың гектарға тамшылатып суару, 19,3 мың гектарға жаңбырлатып суару, 2,6  мың гектарға лазерлік жоспарлаушы технологиялар енгізіліп,  су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап 66,5 мың гектарды құраған болатын.

03 сентября 2026
А/ш техникалары 5,8% жаңарды

Биыл облыста 476 бірлік (465 трактор, 11 комбайн) ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 8,0%-ға жеткізу көзделген.

Бүгінгі күні 347 дана ауыл шаруашылығы (331 трактор, 16 комбайн)  техникалары алынып, нәтижесінде техникалардың жаңару көрсеткіші 5,8% құрады. Алынған техникалардың 187 бірлігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынған.

Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылып, техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 436 өтінімге 3,8 млрд. теңге субсидия төленді.

Техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

02 сентября 2026
694,8 мың тонна астық жиналды

Биылғы жылы облыс бойынша 351,4 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілсе, оның ішінде 149,7 мың гектарға бидай, 201,7 мың гектарға арпа себілген болатын.

Бүгінгі күні егіс алқаптары толық орылып, 694,8 мың тонна астық (306,9 мың тонна бидай, 387,8 мың тонна арпа) жиналды. Әр гектардан алынған орташа өнім - 19,8 ц/га құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты.

Егін жинау науқаны 1111 шаруашылықта өткізіліп, оған 490-нан аса техника жұмылдырылды.

Жалпы жиналған астықтың 320 мың тоннасы сатылымға шығарылса, 66 мың тоннасы тұқымға сақталады. Ал, 300 мың тоннадан астам өнім қоймаға қойылады. Ол үшін облыста сыйымдылығы 351,6 мың тонна құрайтын 65 қойма жұмыс жасауда.

Айта кету керек облыста дәнді дақылдар негізінен келер жылға тұқымға және мал азығы үшін қолданылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы