Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында барлығы 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 12 мемлекеттік қызмет субсидиялау бағытында, 3 мемлекеттік қызмет аттестаттау және лицензиялау бағытында жүзеге асырылады.
Субсидиялау бағытындағы мемлекеттік қызметтер:
- Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
- Инвестициялық субсидиялау;
- Қайта өңдеуді субсидиялау;
- Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі;
- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
- Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау;
- Пестицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) құнын субсидиялау;
- Тыңайтқыштар құнын субсидиялау;
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
- Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
- Мал шаруашылығын субсидиялау;
- Ағын су шығындарын субсидиялау.
Аттестаттау және лицензиялау бағытындағы мемлекеттік қызметтер:
- Тұқым өндірушілерді аттестаттау;
- Пестицидтерді қолдануға лицензия беру;
- Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.