
Тілемісов Әлішер Қанатұлы 1992 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік мониторингі бөлімінің статисті болып бастаған.
2019-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік және экспорт мониторингі бөлімінің бас маманы;
02.2022-05.2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы сауда және сыртқы-экономикалық байланыс бөлімінің бас маманы;
05.2022-06.2022 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты салалық даму бөлімінің бас инспекторы;
2022-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас инспекторы;
2024-2025 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы;
2025-2026 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2026 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.