"Халық қатысатын бюджет" сараптамалық кеңес хаттамасы

Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімінің орынбасарымен өткен «Халық қатысатын бюджет» жобасының сараптамалық кеңесінің ХАТТАМАСЫ

Тараз қаласы №2 2026 жылғы 30 сәуір Төрағалық еткен: Ш.Ерғараев – аудан әкімінің орынбасары Қатысқандар: тізім бойынша

  1. Күн тәртібі:
    1.1 «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ұсынылған жобаларды қарау және дауыс беру қорытындыларын бекіту.
    1.2 Дауыс беру нәтижелері негізінде жобаларды іріктеу және іске асыру тізбесін қалыптастыру.
    2. Талқылау барысы:
    2.1 Жобаларды қарау:
    Сараптамалық кеңес «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардан келіп түскен жобаларды және дауыс беру нәтижелерін қарады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік жоспарлау қағидаларының 83-тармағына сәйкес:
    -дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әкімдік дауыс беру нәтижелерін шығарады;
    -Сараптамалық кеңес ағымдағы қаржы жылының 30 сәуірінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдайды;
    -тиісті елді мекендерде 20-дан кем дауыс жинаған жобалар іске асыруға жіберілмейді (облыстық орталықтарды қоспағанда);
    -дауыс беру нәтижелері мен қабылданған шешімдер интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
    Осыған байланысты ұсынылған жобалар дауыс санына қарай сараланды. 20 және одан жоғары дауыс жинаған жобалар:
    «ШАТТЫҚ АЛАҢЫ» заманауи балалар ойын алаңы – 75 дауыс
    «Балалар қуанышы» жобасы – 47 дауыс
    «Двор мечты» – 42 дауыс
    Проект «образцовый двор» – 42 дауыс
    «Двор Fest» жобасы – 37 дауыс
    Проект «Улыбка» – 40 дауыс проект
    «Радость» – 20 дауыс
    20-дан төмен дауыс жинаған жобалар:
    Футбол және стрит воркаут алаңы – 1 дауыс
    Ворк-аут площадка – 0 дауыс
    Проект «Радость для детей» – 2 дауыс
    3. Шешім:
    3.1 Дауыс беру қорытындылары бекітілсін.
    3.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығына сәйкес, 20 және одан жоғары дауыс жинаған жобалар іске асыру үшін іріктелсін және 2027 жылға жоспарға енгізілсін.
    3.3 20-дан төмен дауыс жинаған жобалар іске асыруға жіберілмесін.
    3.4 Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Дата публикации
30 апреля 2026