Алматы облысында орман өрті 2 есеге азайды
Тілсіз жау айтып келмейді. Күн жылына дала өрті өршитіні ақиқат. Мамандардың айтуынша, наурыздың жиырмасы мен қарашаның бірі аралығы өртке қауіпті кезең деп саналады. Бүгінде Алматы облысында 9 табиғи өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан 2 млн.221 мың теңге залал келтіріліп, 5653 га жерді қызыл жалын шарпыды.
Қазіргі таңда дала өртінің алдын алу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, 8-14 шілде аралығында Алматы облысының орман қоры аумағында төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы бірлескен жоспарға сәйкес «ОРМАН» республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Бір аптаға созылған шара барысында азаматтық қорғау органдары, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінен мобильді топ құрылып, 34 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершіліккке тартылып, жалпы сомасы 553 мың 800 теңге айыппұл арқалады.
Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Алекстандр Пархоменконың сөзіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл орман өрттері 2,5 есеге азайып, материалдық залал көлеміде 9 есеге кеміген.
Жауаптылар, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 367-бабына сәйкес айыппұл салынады. Тарқатар болсақ, жеке тұлғаларға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ал, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30-дан 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50-ден 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150-ден 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза беріледі.
Өрт қауіпсіздігі мемлекеттік деңгейде тұрған басты мәселе. Сондықтанда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт сөндіру саласында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы берілді. Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұруды қамтиды. Бұйрыққа сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.
«Тексеру парақтарындағы тізімде өрт қауіпсіздігінің 81 талабы қамтылған, олардың бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкеп соғады. Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі тізбенің барлық талаптары үшін бірыңғай, яғни 60 күнтізбелік күн болып белгіленген»,- деді Александр Пархоменко.
ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 15.1.
MPV магнитудасы 6.7.
Эпицентрдің координаттары 41.32° с. е. 78.61° с.б.
Тереңдігі 65 км.
Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK -64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл, Шымкент 2 балл.
«Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, бұзушылықтардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде.
Полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен зақымдану тұрғысынан көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін ақпарат жеткізілді» – делінген хабарламада.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз ( *алдын ала дайындау қажет);*
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;
21-35 жас аралығындағы жастар жеңілдетілген 2,5 пайызбен несиені алу мүмкіндігі бар. Егер жеке кәсіпкер болса, кәсіпкерлігінің тіркелген уақыты 5 жылға дейін болуы тиіс. Облысымыздың жас тұрғындары несие алу үшін тиісті құжаттарын несиелендірудің сенімді өкілі ретінде танылған - Аграрлық несие корпорациясына тапсырады (одан әрі – АКК).
Несиенің негізгі шарттары:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер.
Шағын несие алу мәселесімен сұрақтар бойынша және дайын құжаттарды тапсыру үшін Аграрлық несие корпорациясына хабарласыңыздар.
Әкім сайлауы Ақтерек ауылдық округы
Биылдан бастап еліміздегі субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі Gosagro.kz-те дизель отынын бөлу функционалы іске қосылды.
Яғни,осыған дейін дизель отынын қолданатын шаруалардан жанар-жағар майға қажеттілік туралы өтінім қағаз жүзінде жиналса, ағымдағы жылы электронды түрде алынатын болады,-деп хабарлайды Nagty.kz желілік басылымы.
Жаңа функционал субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен интеграциялауының арқасында жүзеге асырылды.
Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы автоматтандырылған процесс "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ деректері негізінде алқаптар картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өңделетін жерлердің ауданы ғарыштық суреттер арқылы автоматты түрде белгіленеді және фермер үшін аgroopen.kz порталында көрсетіліп отырылады.
Сонымен қатар, Gosagro.kz-те субсидияларға берілген электрондық шот-фактураларды бұғаттау функционалы іске асырылған.
Яғни,бұрын бір субъектінің бір маусымда бірнеше рет субсидияланып кету мүмкін болса,жаңа жүйеде бұл мүмкіндік мүлде алынып тасталды. Қазірдің өзінде ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер ЖЖМ-ға пилоттық режимде өтінім бере алады өтінім беруші алдымен Gosagro.kz сайтына кіріп,тіркелу қажет.
Шаруашылық жайлы барлық ақпарат көрсеткенен кейін портал өзі автоматты түрде кәсіпорынға қаншама дизель отыны керек екенін көрсетіп өтінім береді.
Өтінімдер 2023 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Айта кетейік,биыл ауданымызға ақпан мен мамыр айларының аралығына 202 теңгеден 680 тонна дизель отыны бөлінген болатын.
«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ жыл сайын «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша «Ашық бюджет» операциялық бағалау өлшемі, орталық уәкілетті органмен мемлекеттік органның қызметі тиімділігінің операциялық бағалау нәтижелері жүргізілетінінін ескере отырып, Жамбыл ауданы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджетін қалыптастыру мақсатында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын көпшілік талқылауына «Ашық Үкімет» порталында, Жамбыл ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланғанын хабарлайды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zhambyl/documents/details/469473?lang=kk
Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен өрт жағдайы күрделене түседі. Әдетте, осы кезеңде құрғақ шөпті, қоқысты рұқсатсыз жағу салдарынан, көбінесе орман өрттері пайда болады.
Осы кезеңде ашық отты жағуға және қоқысты өртеуге, сондай-ақ кез келген өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Өткен жылы құрғақ шөпті жағу жер үшін пайдалы, оны күлмен ұрықтандырады деген жалған пікір бар, сондықтан көптеген азаматтар арнайы шөп шабуды ұйымдастырады.
Шын мәнінде, мұның пайдасы жоқ: шөпті жағу кезінде көптеген пайдалы микроорганизмдер өледі, ал құрғақ шөпте көрінбейтін жас шөп өліп кетуі мүмкін, сонымен қатар құрғақ шөпте өрт сіздің сайтыңыздағы ғимараттарға оңай жетеді. Орман өрттері жанып жатқан шөптен басталады: ағаштар, жануарлар өледі, құстардың ұялары күйіп кетеді.
Ешбір жағдайда жол бермеңіз:
- құрғақ шөп жағуды;
- қоқысты бақылаусыз жағу;
- темекі шегу кезінде абай болыңыз: сөндірілмеген темекі шегу немесе сіріңке құрғақ шөптің жануына оңай әкеледі.