Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің артықшылығы.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі кезде мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.
Жамбыл ауданы «Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін негізгі мемлекеттік қызметтер:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе бөліп төлеу арқылы сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Қазіргі заманда қала болсын, ауылдық жер болсын цифрлы технология даму үстінде деп айтсақ болады. Ақтерек ауылдық округі бойынша әкімшілік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, ауыл тұрғындары «Электрондық үкімет» Egov порталы арқылы аудан орталығына бармай-ақ ЭЦП ашып, түрлі анықтамалар ала алады. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі. Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекенжай бойынша хабараласа аласыздар.
Ақтерек ауылы, Бәймен көшесі №4.
«Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
Байланыс телефондары: 8 /727/ 53210
8 /727/ 53312