
Ақсеңгір ауылдық округі бойынша Жайсан ауылындағы дәрігерлік емхананың құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа дәрігерлік емхананың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда нысанның іргетасы қаланып, негізгі құрылымын тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Емхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсететін болады.
Құрылыс барысы жергілікті әкімдіктің тұрақты бақылауында. Жоба жоспарға сәйкес кезең- кезеңімен жүзеге асырылып, белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде.