
Ақсеңгір ауылдық округі
Жайсан ауылына қарасты ішкі жолдардың орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кәзірге таңда аталған жұмыстарды мердігер мекеме “ГОАР” ЖШС жүргізуде.
Жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы – 5310 метр. Жоба аясында жолдың төсемі тегістеліп, сапалы асфальт жабындысы төселуі қадағалануда.
Бұл жұмыстар ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.