Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ақсеңгір ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы бұйрығына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ақсеңгір ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің төмендегідей түрлерін көрсетті:
2024 жылы «Е-лицензиялау» АЖ арқылы 44 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 29 өтініш. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін алуға 2 өтініш беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін алуға 27 өтініш берілді, оның ішінде 15 өтінішке дәлелді бас тарту беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері болған жоқ. Ақсеңгір ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы» орналастырылған, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындарының қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. 2024 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы халыққа қажетті мемлекеттік қызмет түрі бойынша 230 анықтама, 140 ЭЦҚ берілді. 2024 жылы іс-шара жоспарға сай ауылдық округ әкімдіктері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша электронды түрде қызмет алуды насихаттау мақсатында 12 түсіндіру іс-шарасы және 1 жәрмеңке өткізілді. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, халықтың цифрлық, құқықтық сауаттылығын арттыру, «электрондық үкімет» порталында электронды түрде қызмет алуды насихаттау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылып, полиграфиялық материалдар (бүктемелер, постерлер) таратылып, қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпараттар, кеңестер беріліп тиісінше мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аталған материалдар стендте және ауылдық округ әкімі аппаратының сайтында (фейсбук, инстаграм, вк) жарияланып, орналастырылған. Көп талап етілетін қызмет түрлері: «Сотталмағандығы туралы анықтама», «Психологиялық ұйымнан анықтама», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» және тағы басқа анықтамалар берілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта құру бойынша мемлекеттік мекемеге мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуы үшін талапқа сай автотұрақ белгісі, пандус жолы, шақыруға арналған қоңырау, есіктерге арналған сары түсті жапсырмалар, брайль әріптерімен жазылған ақпараттық тақта орнатылған, алайда аудан көлемінде құрылған мониторингтік топтың сараптамасы бойынша анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудандық маслихатқа кезекті отырыста қаралуы үшін өтінім беріліп, қажетті жұмыстар жүргізілуде. Мекемедегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру, көңіл бөлу басты назарда.
Мекемедегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру, көңіл бөлу басты назарда.
Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және бекітілген стандарттар мен регламенттеріне сәйкес жүргізіледі.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан арыз шағымдар түскен жоқ.
Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі Е. Қасымшалов