Жамбыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 қаңтардағы «Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 28-140 шешімін жүзеге асыру туралы

Жамбыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 қаңтардағы «Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 28-140 шешімін жүзеге асыру туралы

 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 79 - бабының 1 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік   басқару   және  өзін - өзі  басқару туралы»  2001  жылғы 23   қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы Заңының 35 - бабына сәйкес  және  Жамбыл  аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 қаңтардағы «Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің  2025 – 2027  жылдарға  арналған  бюджеті  туралы»  № 28-140 шешімін    жүзеге   асыру   мақсатында   Ақсеңгір   ауылдық   округінің   әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.2025-2027 жылдарға арналған Ақсеңгір ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1,2,3-қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кiрiстер 49 342  мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер 32 442 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 0 теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 0 теңге;   

трансферттер  түсiмі 16 900 мың теңге;

2)  шығындар 49 342  мың теңге;

3)  таза бюджеттiк кредиттеу 0 теңге,  оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;

4)  қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) (-) 0  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 0 теңге:

қарыздар түсімі 0 теңге;

қарыздарды өтеу 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман С.С.Касабаеваға жүктелсін.

3.Осы шешiм 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі.

         Ақсеңгір ауылдық округінің  әкімі      Е. Касымшалов                                                                 

Дата публикации
29 января 2025