Хабарландыру! Темір ауданы әкімдігінің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Хабарландыру! Темір ауданы әкімдігінің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізеді.

Темір ауданы әкімдігінің бөлімдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы 10 мамыр мен 10 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бас маманы Алпыспаев Бауыржан Жекейбекұлына келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71346) 23654.