«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою»

«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"  2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібін айқындайды. Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру келесі тәртіппен жүргізіледі:

- Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайын беру немесе жою туралы өтінішті қарауға қабылдау;

- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою үшін,

объектінің орналасқан жеріне барып фотофиксация жасалып, нысан бойынша қарап-тексеру актісін жасау арқылы объектінің бар немесе жоқтығын куәландырады;

- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою туралы

бұйрық дайындалып, «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ге деректерді енгізуді жүзеге асырылады;

- Көрсетілген қызмет электрондық құжат нысанында өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.

«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күнді ал аудандар үшін - 5 (бес) жұмыс күнді құрайды.

Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және/немесе тұрақты мекенжайлар беріледі.

Алдын ала мекенжай:

- жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне;

- пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге;

- пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге;

- бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі.

Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат "Мекенжай" АЖ-да тіркелуге тиіс

Тұрақты мекенжай:

- барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылыстарға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады;

- гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға;

Заңға сәйкес бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге;

- меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылыстарды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.

Мыналарға:

- өз бетімен тұрғызылған объектілерге;

- жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстарға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға, бақтарға, саябақтарға мекенжай берілмейді.

«Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Дата публикации
20 ноября 2024