2022 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспардың орындалуы туралы ақпарат

2022 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі  

жоспардың орындалуы туралы ақпарат

 

Р/к №

Іс-шараның атауы

Орындалуы

4.

Мемлекеттік органдардың әдеп нормаларды сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін мемлекеттік органның интернет-ресурсында онлайн-сауалнама орналастыру.

Мемлекеттік органдардың әдеп нормаларды сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін Шахтинск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында онлайн-сауалнама орналастырылған:

  https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/survey/1263?lang=ru

6.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп бұзушылықтарын өткен жылмен салыстырғанда кемінде 20%-ға азайтуды қамтамасыз ету.

2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол берілмеді. Ағымдағы жылы Долинка кенті әкімінің 2022 жылғы 10.10. №40-ө өкімімен этикалық нормаларды бұзғаны үшін Долинка кенті әкімінің орынбасары Е. Б. Абдигаликов тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

11.

Мемлекеттік органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуін қамтамасыз ету.

Шахтинск қаласы әкімдігінің атқарушы органдары тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Биылғы жылы 9 мемлекеттік мекеме мен 2 ЖШС-ге 100% мемлекет қатысуымен аталған талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша барлығы 6 тәуекел анықталды, оның ішінде:

1-қолданыстағы заңнамада;

2-персоналды басқаруда;

1-мемлекеттік сатып алу саласында;

2 - мемлекеттік қызметтер. Уәкілетті органдар анықталған тәуекелдердің қатерлерін барынша азайту жөнінде тиісті жұмыс жүргізеді.

Талдау нәтижелері туралы мәліметтер Шахтинск қаласы әкімдігі интернет-ресурсында "Қызметі"-"Негізгі құжаттар"-"Әдеп жөніндегі уәкілі"-"сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау" бөлімінде орналастырылған

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/activities/directions?lang=ru

12.

Жұмыс жүктемесін көрсете отырып, әдеп жөніндегі уәкілдердің жүктелген функцияларының жұмысына талдау ұсыну

Шахтинск қаласы әкімінің 19.06.2017 жылғы №44ө өкімімен Шахтинск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы А.И. Майданға жүктелген.

2021 жылдың 9 айында 45 адамға консультациялық көмек көрсетілді, ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде 54, бұл алдыңғы кезеңнен 20% - ға артық.

2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол берілмеді. Ағымдағы жылы әдеп нормаларын бұзғаны үшін 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Түсіндіру жұмысы аясында 2021 жылдың 9 айында дәрістер мен семинарлар өткізілді, бейнесюжеттер орналастырылды, мақалалар жарияланды, саны – 34. Ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде аталған 43 іс-шара өткізілді (26%).

 

2022 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспардың орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
30 декабря 2022