«Шахтинск қаласының жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2021 жылғы қызметі туралы есебі

«Шахтинск қаласының жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы» ММ

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2021 жылғы қызметі туралы есебі

Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарлау болып табылады.

2020 жылы Бөлім 1753 мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-427, «Е – Лицензиялау» МДҚ арқылы-1053, мемлекеттік органда баламасыз-0, мемлекеттік органда баламамен-76 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша 282 қызмет көрсетілді, «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы -260 қызмет көрсетілді, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 22 қызмет көрсетілді;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша 20 қызмет, «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы -18 қызмет көрсетілді;

«Жер учаскелерінің бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2 қызмет көрсетілді;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша 75 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 75 қызмет көрсетілді.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша 230 қызмет, «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы - 230 қызмет көрсетілді.

«Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметі бойынша 1 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 1 қызмет көрсетілді;

«Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттік қызметі бойынша 16 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 113 қызмет көрсетілді;

«Жер учаскесін жалдау шарттарын жасасу» мемлекеттік қызметі бойынша 251 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - 251 қызмет көрсетілді;

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша 598 қызмет көрсетілді, оның ішінде 401 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді, электрондық пошта арқылы алынған мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметі бойынша 295 қызмет, «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 295 қызмет көрсетілді.

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі бойынша 249 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы – 249 қызмет көрсетілді.

«Кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1 қызмет, «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы - 1 қызмет көрсетілді;

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары.

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсы (www.minagri.gov.kz);

- www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;

- әкімдіктің www.shahtinsk.gov.kz веб-сайты;

- бөлімде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Бөлім басшысы Д. Мусин

 

«Шахтинск қаласының жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2021 жылғы қызметі туралы есебі
Дата публикации
17 января 2022