Аумақты санитарлық тазалау. Халықты толық қамти отырып, аумақты жоспарлы-тұрақты тазалауды ұйымдастыру көзделеді.
ҚТҚ кәдеге жарату үшін жетілдірілген полигон құрылысын көздеу қажет.
Тұжырымдама кезеңінде өндіріс пен тұтынудың жекелеген қалдықтарын орталықтандырып жинауға, уақытша сақтауға, залалсыздандыруға және/немесе кәдеге жаратуға арналған қалдықтарды басқару кешенін (ҚБК), сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу мен орналастырудың кешенді полигонын (БӨП және РО) салған дұрыс.
КУО-да жабдықты орнату ұсынылады:
- медициналық қалдықтарды залалсыздандыру үшін;
- сыланған топырақты өңдеу үшін;
-органикалық қалдықтарды, қышқылды-сілтілік нейт-рализденген электролиттерді, трансформаторлық, моторлы, индустриялық майларды қайта өңдеу бойынша, ағынды суларды электрохимиялық сіңіру әдісімен тазарту бойынша, бензин мен дизель отынын ала отырып, газконденсатты кәдеге жарату (газ өнеркәсібінің қалдығы) бойынша;
- құрамында сынабы бар қалдықтарды кәдеге жарату үшін (люминесцентті лампалар және т.б.). Демеркуризация процесінде ұсталған сынапты қайта қолдану үшін пайдалануға болады.
Аудан аумағында қалдықтарды басқару кешенінің орналасуын елді мекендерді қамтудың ең жоғары радиусын ескере отырып анықтау қажет.
Электрмен жабдықтау. Тұжырымдама кезеңінде қолданыстағы қосалқы станцияларды моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген жабдықтарды қазіргі заманға ауыстыра отырып қайта жаңарту, сондай-ақ жақын орналасқан тұтынушылардың жүктемелеріне байланысты трансформаторларды неғұрлым қуатты станцияларға ауыстыру талап етіледі.
Жобада күн сәулесінің энергиясын, жел энергиясын, гидродинамикалық су энергиясын пайдалану есебінен жаңартылатын энергия түрлерін енгізу ұсынылады; геотермалдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын.
Болашақта жобамен көшелер мен аулаларды жарықтандыру үшін аккумуляторлардың үлкен аккумулятивті (ампер-сағатпен) жоғары технологиялық шағын габаритті қорын қолдана отырып, фотоэлементтердегі күн батареяларын енгізу ұсынылады.
Жылумен жабдықтау. Тұжырымдама кезеңінде коммуналдық шаруашылық объектілерін қоса алғанда, қолданыстағы және перспективалы тұрғын үй құрылыстарын жылумен жабдықтау орталық коммуналдық қазандықтан (Q=60 Гкал/сағ) жылу желілерімен ұсынылады. Тұжырымдама кезеңінде барлық жылу көздерін экологиялық таза отынға – табиғи газға көшіру көзделеді.
Газбен жабдықтау. Бас жоспардың жобасында ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделген. Халықты қамту көлемін 100% - ға дейін жеткізе отырып, кентті газдандыру жүйесін салу ұсынылады.
Табиғи газды беру "Тобыл-Көкшетау-Астана-Қарағанды" магистральдық газ құбырынан "Шахтинск"АГТС арқылы кентаралық газ құбыры бойынша белгіленіп отыр.
Төмен ток құрылғылары. Ұзақ мерзімді перспективада Жергілікті телекоммуникация желілерін толық цифрландыруға қол жеткізу, DWDM деректерін спектрлік тығыздау технологиясын енгізу, келесі буын NGN желілерін енгізу, қала бойынша кең жолақты WiFi және Wi-Max Интернет желісін құру көзделіп отыр.
NGN тұжырымдамасында әртүрлі операторлар мен технологиялардың қолданыстағы желілерін (ТфОП, ұялы байланыс желілері және IP технологиясы бар желілер) бірыңғай желіге конвергенциялау (біріктіру) идеясы жатыр.
Жобада қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің критерийлерін айқындау, бірыңғай сигнализация жүйелері мен көлік технологияларын енгізу негізінде әртүрлі өндірушілердің желілік стандарттары мен қол жеткізу жабдықтарының интерфейстерін біріздендіру көзделген.
Қосымша құны бар түрлі қызметтерге (VAS - қызметтер) сұраныс айтарлықтай артады деп болжануда.
Ұялы байланысты дамытуда 4-5g төртінші және бесінші буын желілерін дамытуға көшу болжанып отыр, бұл байланыс сапасын едәуір арттырады.