GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн-қабылдау
Все материалы
12 марта 2025
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "және"сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғандығын хабарлайды.

11 февраля 2025
ҚҰРМЕТТІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

     

ҚҰРМЕТТІ ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

     «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) «Елді мекендер жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары» 505-бабына сәйкес елді мекендердегі жерге салықтың базалық ставкаларының өзгеруіне байланысты сондай-ақ Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 151 "Сәтбаев қаласының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру  туралы»  шешіміне сәйкес  «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің  Ашық әкімдік 7 терезесі (с 15:00 по 17:00 уақыт аралығы) арқылы елді мекендер бойынша жер учаскесін жалға беру шарттарын қайта ресімдеу үшін келулеріңізді сұраймыз.

 

 

Құрметпен, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары,

сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

                    

 

 

03 октября 2024
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы тәртібіндегі үндеуі

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы тәртібіндегі үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлық) 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?» деген сауалға республикалық референдум өтеді.
Оны әзірлеу мен өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» және референдум туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарымен реттеледі.
Атап айтқанда, республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-1-бабы).
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.

Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға рұқсат етілмейді.
Оларды сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісінше 102, 113 және 124-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге тыйым салынған.
Аталған теріс әрекеттері үшін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) және 179-бабы (билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Конституцияға сәйкес (83-бап) прокуратура органдары референдум өткізудің барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, Бас прокуратура азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағы).
Бұл талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сонымен бірге дайындықтың алғашқы күндерінен бастап прокуратура органдары аталған заңнамалық актілерінің талаптары бұзылған фактілерді анықтады.
Бүгінге республикалық референдумға қатысты заңсыз қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізудің 8 фактісі анықталды.
6 жағдайда оларды жеке тұлғалар, ал 2-уінде заңды тұлғалар Орталық референдум комиссиясын алдын ала хабардар етуінсіз жүргізген.
Аталған фактілер бойынша прокуратура органдары 4 азамат пен
2 заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты, оларға айыппұл салынды.
Қалғандары бойынша оларды көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Референдумға қойылған мәселе бойынша азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер үгіт кезінде жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірлерін білдіруге құқылы екенін назар аудартамыз («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабы).
Жиналыстар мен митингілер «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде ұйымдастырылып, өткізілуі тиіс.
Бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Үгіт кезеңі 3 қыркүйекте басталды және 2024 жылғы 4 қазанға дейін жалғасады (сағат 24:00-ге дейін).
Референдумның қарсаңындағы және референдум күндері, яғни 2024 жылғы 5 және 6 қазанында үгіт жүргізуге тыйым салынады.
Конституциялық заңға сәйкес («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 2, 3, 4-тармақтары) барлық баспа үгiт материалдарында оларды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс.

@prokuratura_obl__ulytau
@prokuratura.govkz

#референдум#ұлытауоблысы🇰🇿#прокуратура

 

28 марта 2024
«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы. Хабарландыру!

 

 «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы.

Хабарландыру!

 

«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:

1) «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 04.04.2024 жылы сағат 11:00-де, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы,
Қаныш Сәтбаев көшесі, 108/1,
102 кабинет мекенжайы бойынша қатысуды сұраймыз.

Көпшілік талқылауға қатысқысы келетіндер 8-710-63-3-40-06 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.

01 марта 2024
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 «Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

                       

                                                                                                                 Жоба

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Сәтбаев қаласы                              № ___                 2024 жылғы «___» __________

 

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 «Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 130 «Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2323 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қалалық

мәслихатының төрағасы                                                     Қ. Балмағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2024 жылғы «___»_________
№ _______ шешіміне

қосымша

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 130 шешіміне

қосымша

 

Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимі бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу

СХЕМАСЫ

Сәтбаев қаласы аумағының функционалдық аймақтары

 

Р/н

№

Функционал

дық аймақтың №-і

Функционалдық аймақтар

Аумақтың сипаттамасы

 

түзету коэффициенті

 

1

2

3

4

5

1.

I

тұрғын+қоғамдық-іскерлік аймақ

бухгалтерлік тоқсандар: 001, 002, 003, 004, 010, 011; Ердена көшесі мен «Байқоныс» шағын ауданы арасындағы аумақ; Ұлытау көшесі мен темір жол аралығы

 

 

 1,5

бухгалтерлік тоқсандар: 005, 006, 007, 008, 009; «Байқоныс» шағын ауданы.

 

 

1,4

2.

II

шағын және орта бизнестің өндірістік объектілері бар тұрғын аймақ

әскери бөлімнің аумағы

 

 

 

1

3.

III

өнеркәсіптік (өндірістік) аймақ

бухгалтерлік тоқсандар: 012, 020, 021,022, 025;

 

 

1

4.

IV

парктер, гүлзарлар аймағы

Жеңіс саябағы, Даңқ алаңы, Кеншілер даңқы алаңы, Тәуелсіздік алаңы

 

 

 1,5

5.

V

инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймағы

автомобиль жолдары, темір жолдар, электр желілері

 

 

 1

6.

VI

режимдік аумақтар аймағы

электр қосалқы станциялары, қоймалар, жарылғыш материалдар, ауыз су объектілері

 

1

7.

VII

бағбандық қоғамдар аймағы

бау-бақша қоғамдары: Горняк, Восток, Меридиан

 

1

8.

VIII

арнайы мақсаттағы аумақтар аймағы

қорымдар, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары

 

1

9.

IX

су объектілері аймағы

өзендер, су қоймалары, су қорғау аймақтары мен белдеулерi

 

 

1

10.

X

тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің аймағы

тарихи және мәдени ескерткіштер

 

1

11.

XI

бүлінген жерлер аймағы

бұзылған жерлер

 

1

12.

XII

қоныс аудартуға жататын аймақ

елді мекендер: Жезқазған, Геологиялық барлау пункті, Крестовский, Весовая, Перевалька

 

 

1

13.

XIII

қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған ауыл шаруашылығында пайдаланылатын аймақ

жолақты жер учаскесі

 

 

 

1

14.

XIV

ауыл шаруашылығына пайдаланылатын, резервтегі және өзге де қала құрылысы қызметіне тартылмаған жер аймағы

қалалық резервтік жерлер

 

 

 

1

 

 

 

 

29 февраля 2024
Ұлытау облысы Cәтбаев қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Ұлытау облысы Cәтбаев қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылы 27 наурызда   Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев қаласының әкім аппараты»  ММ әкімшілік ғимаратының үлкен   залында сағат 15-00-де, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
    2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108,  (1-ші этаж, 1 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не  2024 жылдың 11 наурыз айынан 2024 жылдың 26 наурыз сағат 12:00-ге дейін  жүзеге асырылатын болады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

 

 Келесі  жер  учаскелері конкурсқа  шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:

 

 

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

  

               Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

 

Қосымша ақпаратты Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  ММ  білуге болады.Телефондар: 8 (71063) 38469 , электрондық мекенжайы: zher_saulet.satbaev@mail.ru

 

№№ п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (селолық округтен шалғай, орташа қашықтық, км

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Жер көлемі (га)

 

Сату объектісі

(заң түрі)

 

Жалдау мерзімі, жыл

 

Облыстың ауыл шаруашылығының мамандануы

 

Жер құрамы, га,

Олардың ішінен:

 

Топырақтың сапалық сипаттамасы, (бонитет баллы)

 

Сумен қамтамасыз ету

мән

 

Шектеу

егістік жер

 

жайылымдар

 

шабындықтар

 

Басқа жерлер

 

1 лот

Сәтбаев қаласының жерінде

, 25-112-

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін (егістік жер) жүргізу үшін

2000,0

 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқықтары

 

 

 

 

10

 

Өсімдік шаруашылығы

 

2000,0

 

0

 

0,0

6

жоқ

Ешқандай ауыртпалық немесе басып алу жоқ

 

2 лот

Сәтбаев қаласының жерінде

, 25-112-

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін (егістік жер) жүргізу үшін

 

2010,0

 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқықтары

 

 

 

 

10

 

Өсімдік шаруашылығы

 

2010,0

0

 

0,0

6

жоқ

 

 

 

 

23 февраля 2024
«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 наурыздан 7 сәуірге дейін «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

23 ноября 2023
Аукционға (аукцион) қойылған жер учаскелерінің тізбесі

Аукционға (аукцион) қойылған жер учаскелерінің тізбесі

 

№

Месторасположение

Площадь

Целевое назначение

1

Ерден-Абай көшелері №34/5 жер телімі

0,0030

Гараждың құрылысын салу үшін

2

Ерден-Абай көшелері  №34/8 жер телімі

0,0030

Гараждың құрылысын салу үшін

3

Ерден-Абай көшелері  №34/9 жер телімі

0,0030

Гараждың құрылысын салу үшін

4

Ерден-Абай көшелері  №11Г жер телімі

0,0030

Гараждың құрылысын салу үшін

5

63 орам, №2010 жер телімі

0,0040

Гараждың құрылысын салу үшін

6

63 орам, №28/1 телімі

0,024

көлік боксы құрылысын салу үшін

7

Әбдіров көшесі, №16А телімі

0,125

мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету құрылысын салу үшін

8

Ұлытау көшесі, өнеркәсіп аймағы №57/2 телімі

0,7000

Шағын орта бизнес объектілерін салу үшін

 

16 августа 2023
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруға өзгерістер енгізу.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыруға өзгерістер енгізу.

 

             Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! «Сәтбаев қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Сәтбаев қалалық "Жезказганский Вестник" газетінде 2023 жылдың 23 маусымда № 42 (494) басылымда жарияланған  Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру gosreestr.kz сайттағы техникалық себептерге байланысты,  өткізу күні 2023 жылдың 31 тамызға сағат 10:00 ауысады.

26 июня 2023
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға беру құқығын сату бойынша конкурс (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

№

лот

Жер телімнің орналасу мекен жайы

Жер телімнің нысаналы мақсаты

Аумағы

(га)

Сатылатын құқық түрі

Бастапқы құны

 

(теңге)

Жылдық жалға алу салығы

 

Жалдау құны

1

Ердена-Абая көшелері телім

№ 34/4

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0030

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

9012

369

2

Ердена-Абая көшелері телім

 № 34/8

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0030

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

9012

369

3

Ердена-Абая көшелері телім

№ 11Г

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0030

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

9012

369

4

ГПП-220 телім

 № 27

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0056

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

11775

689

5

Ердена-Абая көшелері телім

№ 34/9

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0030

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

9012

369

  6

Ердена-Абая көшелері телім

№ 34/10

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0030

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

9012

369

7

Ердена-Абая көшелері телім

№ 34/5

Гараждың құрылысын салу үшін

0,0030

Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл)

9012

369

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы