
17 наурызда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешовтың төрағалығымен офлайн режимінде кезекті X сессия өтті. Онлайн-трансляция да ұйымдастырылды. Сессия жұмысына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, Қоғамдық кеңестің өкілдері және т. б. қатысты.
Сессияның жоспарлы мәселелерін қарау шеңберінде Қарағанды облыстық мәслихатының шешімдерін орындау мәселесі қаралды.
«Денсаулық сақтау, ТжКБ, АӨК, экология, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, автомобиль жолдарын дамыту, жолаушылар тасымалы, дене шынықтыру және спорт, жастар саясатын және туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша бұрын берілген депутаттық ұсынымдарды іске асыру депутаттардың бақылауында. Қабылданған шешімдерді сапалы іске асыру облыстық мәслихат қызметінің негізгі басымдығы болып табылады. Атап айтқанда, олардың барлығы біздің адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған», - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешов.
Сессияда депутаттық корпустың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы тұрақты комиссиялардың есептері ұсынылды. 2021 жылы депутаттар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, мәслихат бекіткен ортақ су пайдалану ережелерін сақтау, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және т. б. мәселелерді қарады. Облыстық бюджетті бекіту және орындау, Қарағанды облысының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі іс - шаралар жоспарының жобасын талқылау және бекіту және т. б. басым болды.
2021 жыл ішінде депутаттар сессияларда және бейінді комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер шеңберінде өңірлерге барды. Әрқайсысы бойынша тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді.
Сондай-ақ сессияда облыстың Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Алдыңғымен салыстырғанда жаңа құрамда саяси партиялардың, кәсіподақтардың, жастардың қоғамдық бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектер ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көп. Сондай-ақ, оның құрамына кәсіпкерлер, көрнекті қоғам қайраткерлері кірді.
Мемлекеттік органдардың өкілдеріне 11 орынның орнына облыстың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы үш орынды анықтады.
Жұмыс тобының жетекшісі Ғабит Тұяқовтың айтуынша, кандидаттарды ұсыну кезінде азаматтық сектор мен жастардың белсенділігі жоғары болды. Барлық үміткерлерге тең жағдай жасалды.
Кеңес құрамын қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі атап өтілді. Жұмыс тобының ақпараты бойынша, Қоғамдық кеңеске кіруге 80-нен астам адам ниет білдірген.
«Ұсынылған құжаттар: коммерциялық емес ұйымдардан 51 үміткер, өзін-өзі ұсыну арқылы 30 өтініш беруші, 5 саяси партиядан 7 қатысушы ұсынылды, 7 үміткер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылады, 10 қатысушы әртүрлі деңгейдегі депутаттық корпустың мүшесі, 18 қатысушы Қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелері болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, заңға сәйкес қолданыстағы құрам мүшелері конкурсқа жалпы негізде қатысады. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша 38 адамнан тұратын Қоғамдық Кеңес құрамы сайланды», - деді облыстың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының жетекшісі Ғабит Тұяқов.
Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың X сессиясында бірқатар консультативтік-кеңесші органдар құрамындағы кадрлық өзгерістер қолдау тапты. Бұдан басқа, «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары қабылданды. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары, іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілді, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы мен Қазақстан Халық партиясы филиалдарының фракциясын тіркеу туралы ұсыныс қолдау тапты.