Қала тазалығын сақтау мақсатында

Қала тазалығын сақтау мақсатында

Қала тазалығын сақтау мақсатында, келесі жұмыстарды ұйымдастыруыңызды сұраймыз:
- іргелес аумақты жинау және абаттандыру (жасыл екпелерді отырғызу, суару);
- егер аумақта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, құрылыс алаңын жинау (құрылыс қоқыстарын, габаритті емес қалдықтарды қалалық полигонға уақтылы шығару, құрылыс материалдарын жинау);
- тиісті рұқсатсыз орналастырылған жол шетіндегі жарнамалық көрсеткіштерге, штендерлерге, жарнамалық маңдайшалар және хабарландыруларға Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан айыппұл салынады.
Тазалау апта сайын, бейсенбі және сенбі күндері жүргізіледі.
Сондай-ақ, сіздің объектіңіздің қасбетін (фасад) көрнекі түрде ұстау, жөндеу жұмыстарын немесе қалпына келтіруді уақтылы жүргізу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.