
2021 жылғы 29 наурызда Сәтбаев қаласында "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ маманы "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Сәтбаев қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімімен бірлесіп электрондық үкімет веб-порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтерге арналған дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету және Халыққа қызмет көрсету бойынша Сәтбаев қаласының бөлім қызметкерлерін азаматтардан өтініштерді дұрыс беру дағдыларына үйрету болып табылады.
Аталған іс-шара барысында бас маман Эльмира Хайдар жер заңнамасының нормаларын түсіндіріп, бөлім қызметкерлерінің маңызды сұрақтарына жауап берді.