
2021 жылдың 19 наурызында Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Д.К.Жунусбековтың және Сәтбаев қаласының жер қатнастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ басшысының міндетін атқарушы Ж.Н.Дәнекееваның, бөлім мамандарының қатысуымен қалада салынып жатқан нысандарға тексеру жүргізілді. Қарау барысында анықталған кемшіліктерді көрсетілген мерзім ішінде қалыпқа келтіру бойынша нысан иелеріне хабарлама берілді.
Қала аумағында құрылыс салып жатқан тұлғаларға ескерту: Құрылыс аумағы толық қоршалуы тиіс, нысанның төлқұжаты болу керек.