мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту Іс- шаралар жоспары

мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз  ету және өмір сүру сапасын жақсарту  Іс- шаралар жоспары

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету тек қана пандустарды орнатуды ғана емес, сонымен бірге тактильді құралдарды, дабылды жүйелерді орнату және объектінің санитарлық үй- жайын мүгедектердің барлық санаттарының қажеттіліктеріне жабдықтауды қосады.
«Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қолжетімділігі есебімен жобалау. Жалпы ережелер» (ҚР ЕЖ 3.06-02-2012) ережелер жинағына және «Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен ғимараттардың қолжетімділігі» (ҚР ҚН 3.06-01-2011) жаңа құрылыс нормаларына сәйкес, объектілерді ағымдағы жөндеу, толық жөндеу, құрылыс және жобалау-сметалық құжаттарын дайындау кезінде қолжетімділікті қамтамасыз етуді ерекше назар аудару қажет.
«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметкерлері мен «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, мүгедектер жұмысы жөніндегі кеңесші өкілдерімен Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі № 157А, «Қазақтелеком» АҚ, Тәуелсіздік даңғылы 31/2 «Каз.почта №10» АҚ, Тәуелсіздік даңғылы 36/1 мекен жайындағы «Ғасыр» дәріханасын комиссиялық іс жүзінде қарау жүргізілді.
Қаламыздың көшелерінде және жол қиылыстарында салынған тротуарлармен жаяу жүргіншілер жолдарындағы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жаяу жүргіншілер жолы арқылы кресло-арбаларымен жолдың келесі бетіне өтуіне кедергі келтіретін бордюр тастарын, асфальт деңгейіне дейін төмендету жұмыстары мердігер ұйымдар күштерімен ауа-райының қолайлы жағдайының басталуымен орындалатын болады.