Əсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан əрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сəйкес, Қазақстан Республикасы Экология жəне табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан əрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан əрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті: 1) «Сəтбаев қаласының бас жоспары (түзету)» жобасына жалпы түсіндірме жазба; 2) «Сəтбаев қаласының бас жоспары (түзету)» жобасының бас жоспары сызбасы; 3) «Сəтбаев қаласының бас жоспары (түзету)» жобасының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға əсер ету скринингі. СЭБ материалдарын əзірлеуші: ТОО «Мелиосервис-К». СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Сəтбаев қаласының жер қатынастары, сəулетжəне қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі» ММ. СЭБ əзірлеуге жауапты: Сəтбаев қаласының əкімдігі. СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уəкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі. Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мəселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз: 1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай əсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай əсерлер жəне сіз оларды неге маңызды деп санайсыз? 2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға жəне халықтың денсаулығына қандай əсерлерді зерделеу қажет жəне неге? 3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға жəне халықтың денсаулығына ықтимал елеулі əсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады жəне неге? 4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға жəне халықтың денсаулығына ықтимал əсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма? Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2040 ж.ж. Уəкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рəсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 ақпаннан бастап (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 18 ақпанға дейін қоса алған да). Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мəңгілік Ел даңғылы, 8. Экологиялықсаясатдепартаменті.Тел. 8 (7172) 74-02-83, e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz. Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov. kz. Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған: Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі). Сəтбаев қаласының əкімдігінің сайтында.

Дата публикации
27 января 2026