2024 жылы "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП

2024 жылы "Сәтбаев қаласының жер қатынастары,

сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ тарапынан атқарылған жұмыстар туралы ЕСЕП

 

Сәтбаев қаласы қала құрылысы құжаттамасына сәйкес салынады және барлық жаңа құрылыс нысандары қатаң түрде аталған құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылы халықтың қаражаты есебінен жалпы ауданы 6848,0 шаршы метр           17 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы қаламызда  жалпы ауданы 8120,0  шаршы метр 21 шағын және орта бизнес нысандары пайдалануға берілді:

Автокомплекс Шаталюка көшесі 20А, (Утеева)

Ресторанға қосымша құрылыс Абая Құнанбаев көшесі 101Д (Инсебаев А.)

Сауда үйіне қосымша құрылыс Ердена көшесі 181А (Альпарслан ЖШС)

Автокемпинг қосымша құрылыс Ұлытау көшесі 49 (Тусупов)

Монша кешенінің құрылысы Ұлытау көшесі (Саламатов)

Автокомплекс Шаталюка көшесі 16Д (Бегалиев)

Әкімшілік ғимарат  Сәтбаев даңғылы 104/3 (Әбден Д)

Кафеге қосымша құрылыс Сәтбаев даңғылы 119 (Рудер)

Дүкеннің кеңеюі Ердена көшесі  161А (Нурмаганбетов)

Дүкеннің кеңеюі Сәтбаев даңғылы  125 (Кулбаева)

Әкімшілік ғимарат  Сәтбаев даңғылы  137 (Бутабаев)

Өндірістік база құрылысын салу   Ұлытау көшесі 41Б (Оразбаев)

Асхананың кеңеюі  Наурыз көшесі 146 (Саргулжин)

Шаштараз  Тәуелсіздік даңғылы 55 (Оспанова Г)

Мал сою цехы, өндірістік аймақ (Ахтямов)

Дүкенді жаңарту Сәтбаев даңғылы   98 (Садуов)

Дүкеннің құрылысы ул.Байконурова 54 (Сериков)

Автокемпинг құрылысы , өндірістік аймақ 89 (Туржанов)

Өндірістік база құрылысын салу   Ұлытау көшесі  (Рахманов)

Дүкен Тәуелсіздік даңғылы 25А (Койшибаева)

         Аптека ул.Мәңгілік Ел 21А (Азизханов)

        

                  Салынған объектіні меншік иесінің өз бетінше пайдалануға қабылдауы туралы актілер (жеке тұрғын үй құрылысы, гараждар, саяжайлар, қосалқы құрылыстар, қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) – 412.

            Сондай-ақ басқармамен қаладағы салынып жатқан нысандарға ай сайын мониторинг жүргізіліп, оның барысында сәулет саласында 11 заң бұзушылық фактісі анықталып, материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды.

         Ай сайын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасы ағымдағы деректермен 100% толтырылады.

 

 

 

            Сондай-ақ бүгінгі таңда жалпы сомасы 46 107 000 теңгеге «Сәтбаев қаласының индустриялық аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» әзірленді.

             Салық салу мақсатында «Сәтбаев қаласы бойынша жер салығының ставкаларын арттыру туралы» нормативтік құқықтық актіні бекіту бойынша жұмыс жүргізілді, бұл шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

2024 жылы электронды форматта 1 аукцион өткізіліп, жалпы сомасы                     19 509 750 теңгеге 1 жер телімі сатылды.

          Ауылшаруашылығы немесе фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін уақытша өтеусіз жалға беру құқығын беру бойынша конкурс өткізіліп, 2 жер телімі берілді.

2024 жылы қалалық бюджетке жер телімдерін жалға беру, сату бойынша түскен қаражаттар:

2024 жылы жалпы сомасы 13 732 387 теңгеге 204 жалға беру келісім шарты жасалынды;

2024 жылы жалпы сомасы 23 225 939 теңгеге 32 сатып алу келісім шарты жасалынды;

2024 жылы жалпы сомасы 2 178 687 теңгеге 27 жалға беру құқығын сатып алу  келісім шарты жасалынды;

           Облыстық және аудандық маңызы бар елдімекендерде сытқы жарнама мнысандарын орналастыруға берілген рұқсаттар бойынша қалалық бюджетке  7 313 500 теңге көлемінде қаражат төленді.

 

Бөлім тарапынан 13 мемлекеттік қызмет көрсету түрі жүзеге асырылады.

2024 жылдың 10 айында барлығы 1820 өтініш түсті, оның ішінде:

  • электронды үкімет веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы да көрсетілетін, бірақ қағаз түрінде қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілген қызметтер – 154
  • электронды түрде көрсетілген қызметтер – 1666, оның ішінде:
  • «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 1076
  • «Е-лицензирование» МБД – 590

Сәулет және қала құрылысы саласында 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:

1) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», - құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы1) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады,  қызмет көрсету мерзімі – 6 жұмыс күн. Қажет құжаттар – жерге құқық беретін құжат, өтініш - 490

 

2) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады,  қызмет көрсету мерзімі – 6 жұмыс күн, 15 жұмыс күн, түскен өтініш - 176

 

3) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруды келісу» - 1) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады,  қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күн қажет құжаттар: Өтініш, эскиз. түскен өтініш - 0

 

4) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» - құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады,  қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күн. қажет құжаттар: Өтініш, эскиз. өтініш – 196

 

 

 

5) "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" -  құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады,  қызмет көрсету мерзімі – 10, 15 жұмыс күн. түскен өтініш – 42

 

Жер қатынастары саласында 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

 

1)"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       4 (төрт) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны. Электрондық. түскен өтініш – 142.

2)"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары"

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны. Электрондық. түскен өтініш -67

3)"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       10 (он) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны                 Электрондық. түскен өтініш – 1

4)"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       Күнтізбелік 30 (отыз) күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық.

5)"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық. түскен өтініш – 562.

6)"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -күнтізбелік 15 (он бес) күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. түскен өтініш – 4.

7)"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі       5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық. түскен өтініш – 0.

8)"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)  1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны       Электрондық және (немесе) қағаз түрінде. түскен өтініш – 44.

          Сондай-ақ Қазақстанда Бірыңғай Мемлекеттік Мүлік Кадастры БММК жаңа базасы енгізілді. Жаңа тәртіп электрондық үкімет веб-порталы арқылы жер учаскесіне құқық алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өтінім беруін көздейді. Бұл ретте кез-келген адам электрондық аукционда мемлекеттен жер учаскесін сатып ала алады.

Осылайша электронды форматқа көшу, БММК базасын енгізі жер учаскелерін берумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ашу, ашықтық, жою үшін әзірленген.

 

 

«Сәтбаев қаласының жер қатынастары,

сәулет  және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы          Л.Қараторғаева

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2024