Протокол №3 Земельной конкурсной комиссии об организации и проведении конкурсов на предоставление права временного пользования (аренды) фермерского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства в городе Сатпаеве в текущем году

Сәтбаев қаласы бойынша ағымдағы жылда Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін   уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстарды  ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жер конкурстық комиссиясының

№ 3 хаттамасы

 

Сәтбаев қаласы                                                                                              «27» наурыз  2024 ж.

 

 

 «Аймақ ақшамы» газетінің 2024 жылдың 23 ақпандағы №8 (077)  санды  «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін   уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі» ақпараттық хабарламаға  сәйкес біз төменде қол қоюшылар:

  1. Алмат Омурзакович Саухимов- комиссия төрағасы
  2. Караторгаева Лаура Накимбековна -комиссия мүшесі
  3. Мулаков Абулаис Тусуппекович-комиссия мүшесі
  4. Нурпейсов Галымжан Бодыкович- комиссия мүшесі
  5. Каржасов Нурабай Тулегенович – комиссия мүшесі
  6. Таймаганбетов Батырлан Кушекбаевич - комиссия мүшесі
  7. Маманова Айжан Шарипуллаевна – комиссия мүшесі
  8. Койшибаева Ляззат Елюбергеновна – комиссия мүшесі
  9. Абилкасимов Амантай Рахимбекович – комиссия мүшесі
  10. Жандарбекова Курья Измаганбетовна – комиссия мүшесі
  11. Сабирова Акшулпан Малкаждаровна – комиссия мүшесі
  12. Айдаров Сабыр Абирович– комиссия мүшесі
  13. Тобашева Гаухар Муханбетжановна– комиссия мүшесі

 

Эльмира Хайдар - комиссия хатшысы.

 

 

Қатысқандар: А.О.Саухимов.,     Караторгаева Л.Н., Б.К.Таймаганбетов, Маманова А.Ш., Койшибаева Л.Е., Абилкасимов А.Р., Жандарбекова К.И., Айдаров С.А., Каржасов Н.Т.

Мулаков А.Т., Нурпейсов Г.Б., Сабирова А.М., Тобашева Г.М., (онлайн)

 

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

I «Аймақ ақшамы» газетінің 2024 жылдың 23 ақпандағы №8 (077)  санды  «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін   уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі» ақпараттық хабарлама  жарияланды.

«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін   уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаға сәйкес, конкурс жеңімпазын анықтау туралы хаттама жасалды. Ұсынылып отырған жер учаскелер саны - 2.

Барлық жер учаскелері бойынша түскен өтініштер қаралып талқыланды.

Комиссия мынадай қорытындыға келді:

 

№1 лот. Сәтбаев қаласының жерлерінде орналасқан, аумағы -2000 га, жалға беру мерзімі 5 жыл.

            Осы жер телімі бойынша Курмет Галимович Отарбаевтан, Галим Утешевич Дюсембаевтан,  және Айдос Бекенұлы Исмаилдан конкурстық өтініштер түсті.

 

 

       Курмет Галимович Отарбаевтың өтініші ереже талаптарының орындалмауына, конкурстық ұсыныс беру тәртібінің бұзылуына, сондай-ақ Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 12 тармағының 2)- 3) тармақшасына келмеуіне байланысты комиссия қабылдамады.

 

      Пікір алмасу мен ұсынылған материалдарды қарау барысында  комиссия: конкурс  талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерді қараудан бас тарту туралы шешімді қабылдады.

 

            Галим Утешевич Дюсембаевтың өтініші  Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 12 тармағының 2)- 3) тармақшасына келмеуіне талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты  өтінім комиссия мүшелері тарапынан  қараусыз қалдырылды.

 

Пікір алмасу мен ұсынылған материалдарды қарау барысында  комиссия: конкурс  талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерді қараудан бас тарту туралы шешімді қабылдады.

 

 

            Айдос Бекенұлы Исмаилдің конкурсқа қатысуға тапсырған өтінімінде қосалқы салынған конкурстық ұсыныстың, тігіліп нөмірленген бизнес-жоспардың болуы, яғни  ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкес келуіне орай конкурстық өтінім комиссия қарауынан өткізілді.

 

   Комиссия төрағасы: құрметті комиссия мүшелері, бірінші лот бойынша конкурсқа қатысуға 3 өтініш түскенін, оның ішінде 2 өтініш Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 12 тармағының 2)- 3) тармақшасына келмеуіне байланысты қабылданбағанын нақтылаймыз. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын сәйкес, егер конкурсқа ұсынылған жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, онда бірінші лот бойынша өткізілмеді деп танылады, өйткені 1 өтініш қалды.

 

     Пікір алмасу мен ұсынылған материалдарды қарау барысында  конкурсқа қойылған бірінші лот бойынша конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерден - 1 ғана қатысушысы қалуына байланысты  комиссия тарапынан №1 лот бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады.

 

   Пікір алмасу мен ұсынылған материалдарды қарап, комиссия келесі шешімді қабылдады:

 

№2 лот. Сәтбаев қаласының жерлерінде орналасқан, аумағы -2010 га, жалға беру мерзімі 5 жыл.

            Осы жер телімі бойынша Курмет Галимович Отарбаевтан, Галим Утешевич Дюсембаевтан, Айдос Бекенұлы Исмаилдан  және Алмаз Бахитович Жиенбаевтан конкурстық өтініштер түсті.

        Курмет Галимович Отарбаевтың, өтінішін комиссия, ереже талаптарының сақталмауы, конкурстық ұсыныс беру тәртібінің бұзылуына, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 12 тармағының 2)- 3) тармақшасына келмеуіне байланысты қабылдамады.

 

Пікір алмасу мен ұсынылған материалдарды қарау барысында  комиссия: конкурс  талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерді қараудан бас тарту туралы шешімді қабылдады.

 

 

Галим Утешевич Дюсембаевтың өтініші Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 12 тармағының 2)- 3) тармақшасына келмеуіне талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты  өтінім комиссия мүшелері тарапынан  қараусыз қалдырылды.

 

Пікір алмасу мен ұсынылған материалдарды қарау барысында  комиссия: конкурс  талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерді қараудан бас тарту туралы шешімді қабылдады.

 

       Алмаз Бахитович Жиенбаевтың конкурсқа қатысуға тапсырған өтінімінде қосалқы салынған конкурстық ұсыныстың, тігіліп нөмірленген бизнес-жоспардың болуы, яғни  ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкес келуіне орай конкурстық өтінім комиссия қарауынан өткізілді.

 

өтінішін комиссия конкурсқа қатысуға өтінішті қарап, ұсынылған материалдарды қарап, шешті: бұл өтініш талаптарға сәйкес келеді, конкурстық ұсыныс бар. Бинес-жоспар тігілген, нөмірленген.

 

   Комиссия мүшесі Караторгаева Л.Н.: Алмаз Бахитович Жиенбаевтың өз қаражаты жоқ, лизинг арқылы несие алады.

    Инвестициялар бойынша - 357 млн. теңгені құрайды, одан 1 гектар жерге 177 мың теңге шығады.

 

       Айдос Бекенұлы Исмаилдың өтінішін комиссия конкурсқа қатысуға өтінішті қарап, ұсынылған материалдарды қарап, шешті: бұл өтініш талаптарға сәйкес келеді, конкурстық ұсыныс бар. Бинес-жоспар тігілген, нөмірленген.

 

   Комиссия мүшесі Караторгаева Л.Н.: Айдос Бекенұлы Исмаилдың қаржыландыру өз есебінен, бизнес-жоспар бар, сонымен қатар бизнес-жоспарға агроном дипломы қоса берілген, жұмыс орындары, өзінің техникалары бар.

Инвестициялар бойынша-одан 1 гектар жерге 582 мың теңге шығады.

 

 

    Саухимов А.О.: құрметті комиссия мүшелері, жер учаскелерін уақытша жер пайдалануға беру 10 жыл мерзімге берілетінін атап өткім келеді. Мен жалдау мерзімін шектеуді ұсынамын, кем дегенде 3 жыл мерзіммен қамтамасыз етемін.

 

Абилкасимов А.Р.: иә, келісемін. жалдау мерзімін қысқартып 10 жылдан аз уақыт беру керек.

 

Комиссияның барлық мүшелері келісті.

 

Саухимов А.Ө.: құрметті комиссия мүшелері, дауыс беру уақыты келді, сіздер 2 лот бойынша келіп түскен барлық өтініштерді қарап, зерделедіңіздер. Ережеге сәйкес келмейтін конкурстық ұсыныстың болмауына байланысты екі өтінішті қарастырмаймыз, ал 2 өтініш сәйкес келеді - бұл Айдос Исмалдың өтініші мен Алмаз Жиенбаевтың өтініші.

 

  Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының сәйкес, жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағаланып салыстырылады.

 

 

 

    Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

 

      1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:

 

  А.Б.Жиенбаевтың өтініші бойынша оның 1 гектарға 177000 теңге бар, бұл қағидалардың 23-тармағының 2) тармақшасына сәйкес суармалы егістікке 1 балл беріледі.

 

   Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

 

   А.Б.Жиенбаевтың өтініші бойынша, ол Сәтбаев қаласында тұратындықтан, оған конкурстық ұсынысына қосымша 10 балл беру түрінде қосымша артықшылық беріледі

 

конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

 

 Ал, А.Б.Исмаилдың өтініші бойынша, оның 1 гектарына 500000 теңге бар, бұл қағидалардың 23-тармағының 2) тармақшасына сәйкес суармалы егістікке 20 балл беріледі.

 

  А.Б.Исмаил Жезқазған қаласында тұратындықтан, оның конкурстық ұсынысына қосымша балл беру түріндегі артықшылығы жоқ.

 

   Қаралымға өткен 2 өтінім А.Б.Жиенбаев пен А.Б.Исмаилдың өтінімдері.

 

№

Жер учаскесінің атауы, аумағы

Лот нөмірі

Жіберілген өтінімдер саны

Конкурстың Нәтижесі, ұпай

Негізінде

1

Сәтбаев қаласының жерлерінде орналасқан, кад № 25-112,

2010,0 га

2

4

Өткізілді

11 ұпай

Талаптарға сәйкес –Алмаз Бахитович Жиенбаев

2

Сәтбаев қаласының жерлерінде орналасқан,

кад №25-112,

2010,0 га

2

4

   Өткізілді

20 ұпай

Талаптарға сәйкес – Айдос Бекенұлы Исмаил

 

Саухимов А.Ө.: Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

А.Б.Исмаилға дауыс беру: комиссияның барлық мүшелері пікір алмасып А.Б.Исмаилға дауыс берді, комиссияның бір мүшесі қарсы болды.

 

 

   Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

 

Айдос Бекенұлы Исмаил жеңімпаз деп танылды.

 

 

    комиссия төрағасы:                                                           Саухимов А.Ө.

 

комиссия мүшелері:                                                                               Караторгаева Л.Н.

 

Каржасов Н.Т.

 

Маманова А. Ш.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                               Б.К.Таймаганбетов

 

                                                                                             Мулаков А.Т.

                                                    

                                                                                             Нурпейсов Г.Б.

  

                                                                                            Койшибаева Л.Е.,

 

                                                                                           Абилкасимов А.Р.

                              

                                                                                          Жандарбекова К.И.

 

                                                                                          Сабирова А.М.

 

                                                                                         Айдаров С.А.

 

                                                                                         Тобашева  Г.М.       

 

 

 комиссия хатшысы                                                                 Э.Хайдар

                                                                                                                                                                

Дата публикации
29 марта 2024