«Сәтбаев қаласының бас жоспарын түзету» жобасын 2021 жылы «Казгипроград» 1 (Алматы) Жобалау институты әзірледі. Бұл жоба қарастырудың, келісімдердің барлық қажетті сатыларынан және ведомстводан тыс кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтті. Бүгін аталған жоба сіздердің қарауларыңызға ұсынылып, бекіту бойынша шешім қабылдауларыңызға ұсынылып отыр.
Қолданыстағы бас жоспарды түзету негіздерінің бірі Қарағанды облысының өңірлік геоақпараттық жүйесін құру жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар болып табылады, ол өз кезегінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.