ШЕШІМ Енгізілген өзгерістерді ескерумен Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасы туралы

Енгізілген өзгерістерді ескерумен Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасы туралы

Енгізілген өзгерістерді ескерумен Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасын қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21 бабының 3 тармақшасына және Сәтбаев қалалық мәслихатымен мақұлданған 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 159 шешіміне сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасы енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихаттың құрылыс, транспорт және коммуналды шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Б. Утеубаев) жүктелсін.
ШЕШІМ Енгізілген өзгерістерді ескерумен Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасы туралы
Дата публикации
17 марта 2022