«Сәтбаев қаласының жер қаьтынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің аяқталғаны туралы хабарландыру

«Сәтбаев қаласының жер қаьтынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің аяқталғаны туралы хабарландыру

  • Қысқаша сипаттама
  • Құжаттың толық мәтіні
  • Құжаттарды жүктеу

«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  ММ 2026 жылғы 27 шілде мен 26 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін хабарлайды.

Ішкі талдау жүргізу барысында ішкі ұйымдастырушылық-басқарушылық процестерге бағалау жүргізіліп, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенді, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалды.

Ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама әзірленіп, анықталған себептер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Іс-шараларды іске асыру және ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру, Бөлім қызметінің тиімділігін арттыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жүргізілді.

Дата публикации
16 сентября 2026