ХАТТАМА
«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіндегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
Сәтбаев қ. 2026 жылғы «28» тамыз
Төрағалық етуші – жұмыс тобының жетекшісі, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
басшысы А. Шубаев
Қатысқандар:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері (тізім бойынша);
«Сәтбаев қаласының жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметкерлері.
Жұмыс тобының хатшысы: «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Б.Орынбаева
Барлығы қатысқандар: 7 адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
1 «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау.
ТЫҢДАЛДЫ:
Бөлім басшысының 2026 жылғы 26 шілдедегі № 118 бұйрығы негізінде жүргізілген «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 27 шілде мен 26 тамыз аралығында жүргізілді. Талдауға алынған бөлімнің қызмет кезеңі – 2025 жыл.
СЖТІТ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) № 4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Жария талқылау барысында қатысушыларға ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды іске асыру, шарттар жасасу, бюджет қаражатын игеру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану бағыттары бойынша жүргізілген талдау нәтижелері туралы ақпарат жеткізілді.
Сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ оларды барынша азайтуға бағытталған ұсынымдар мен шаралар талқыланды.
Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
Қарастырылып отырған кезең бойынша жүргізілген талдау қорытындысында 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Анықталған тәуекелдердің іске асу ықтималдығы төмен екені және тиісті ұйымдастырушылық әрі бақылау шараларын қабылдау арқылы оларды барынша азайтуға болатыны белгіленді.
Талқылау барысында:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жүргізілуі және оның нәтижелері туралы ақпараттың ресми интернет-ресурста уақтылы орналастырылуын қамтамасыз ету;
3) ішкі талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту;
4) қабылданған ұсынымдардың орындалуына тұрақты бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету;
5) қызметкерлер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша қорытынды талдамалық анықтамаға өзгерістер енгізуді талап ететін ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.
Талқылау нәтижелері бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
- «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері назарға алынсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді деп есептелсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілсін.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, орындалған жұмыстарды қабылдау және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына ішкі бақылау күшейтілсін.
- Шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамайтын өнім берушілерге қатысты заңнамада және шарт талаптарында көзделген жауапкершілік шараларының уақтылы қолданылуы қамтамасыз етілсін.
- Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру және алдын алу жұмыстары жалғастырылсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспары мен қорытынды талдамалық анықтаманың заңнама талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдардың орындалуына тұрақты бақылау мен мониторинг қамтамасыз етілсін.
Жұмыс тобының жетекшісі /
«Сәтбаев қаласының жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
ММ басшысы А. Шубаев
Хатшы Б.Орынбаева