Орташа лауазымдық айлықақы
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Білімге қойылатын талаптар
Мамандығы(классификаторға сәйкес)
Функционалды міндеттер
Қала аумағында жер қатынастарын, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды. Иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмыстар жүргізеді. Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтайды. Жерге орналастыруды жүргізуді және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастырады. Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастырады. Қала балансын жасайды, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді. Жер учаскесін сатып алу, сату, жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасады. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын және пайдаланылатын жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта бөлімнің мүдделерін білдіреді. Сектордың жұмысын басқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.