Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ-сі 2024 жылдың 3 сәуірі, сағат 10:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін:
- жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
- бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді: Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
|
№ |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің ауданы, ш.м. |
Бастапқы құны, Теңге |
Жер учаскесіне құқық түрі |
Жылдық жалға алу төлемі |
Кепілдік жарна теңге |
Жер учаскелеріне ауыртпалықтар (шектеулер) |
|
1 |
Приозерск қаласы, 492 км Астана-Алматы |
Жол бойындағы кешен құрылысын салу үшін |
3,5 |
4 143 858,98 |
5 жылға |
447 856,5 |
621 578, 85 |
- |
|
2 |
Приозерск қаласы, Бастау көшесі |
Демалыс аймақ құрылысын салу үшін |
2,4465 |
2 348 640,00 |
5 жылға |
313 052 |
352 296 |
- |
|
3 |
Приозерск қаласы, Гранитный өткелі, гараждар аймағы №1, 2 қатар, 28 жер учасксі |
Гараж құрылысын салу үшін |
0,0024 |
4 608 |
5 жылға |
354 |
184 600 |
- |
|
4 |
Приозерск қаласы, Гранитный өткелі, гараждар аймағы №1, 2 қатар, 27 жер учасксі |
Гараж құрылысын салу үшін |
0,0024 |
4 608 |
5 жылға |
354 |
184 600 |
- |
Ұйымдастырушы: «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (71039) 5-32-48, 8 (71039) 5-39-16.