«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2021 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің

2021 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат

   

 

Бөлімге түскен өтініштерді қарастыру

Бөлімге 2021 жылы – 47 өтініш түсті, оның ішінде:

жеке тұлғалардың өтініштері – 43, заңды тұлғалардың өтініштері- 4.     

Өтінішті қарастыру нәтижесі бойынша 46 қанағаттандырылды, 1 түсіндірілді.

Жер учаскесін бөлу бойынша өтініштерді қарастыру

Жер учаскелерін бөлу жөніндегі 22 комиссия отырысы өткізіліп, барлығы 142 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралды, оның ішінде: 141 өтініш қанағаттандырылды, 1 өтініш бойынша жер учаскелерін беруден бас тартылды.

84 қала әкімдігінің қаулылары қабылданды, оның ішінде: 83 қаулы жер учаскесін беру туралы, 1 қаулы жер учаскесін беруден бас тарту туралы.

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында

2021 жылы бөліммен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында 623 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Анықтама:

  • жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту - 60 қызмет;
  • елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 10 қызмет;
  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 3 қызмет;
  • сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу– 32 қызмет;
  • жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау– 2 қызмет;
  • жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 10 қызмет;
  • жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 38 қызмет;
  • Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 403
  • сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу – 7;
  • Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 27;
  • эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу- 31.

 

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 15.

Есепті кезеңде 1 мемлекеттік қызметші жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де тағылымдамадан өтті және 1 мемлекеттік қызметші «құзыреттерді дамыту: стресске орнықтылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, өзін-өзі дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2021 жылы бөліммен Instgram (prio_zherarh), Facebook әлеуметтік желілерінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы 6 тікелей трансляция жүргізілді.

Сонымен қатар бөліммен 2021 жылғы 30 сәуірінде «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру», 2021 жылғы 27 тамызда «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» туралы мақалалар «Приозерский вестник» жергілікті газетіне жарияланды.

2021 жылы бөліммен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 79 дана брошюралар таратылды (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер).

Ұсыныс журналы және ұсыныс шағым туралы өтініш қалдыратын жәшік қолжетімді жерде орналастырылған. Ағымдағы кезеңде ескертулер мен шағымдар түскен жоқ.

Бюджеттік түсім бойынша

Жер учаскелерін пайдалану бойынша қалалық бюджетке 6 379,3 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 5 329 мың теңге, немесе 119,7 % орындалып, 2020 жылмен салыстырғанда 119 % көп орындалды (5 378,1 мың теңге);

Жер учаскесінің жалға алу құқығын сату-сатып алудан 27 806,4 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 27 459 мың теңге, немесе 101,3 % орындалып, 2020 жылмен салыстырғанда 3 456 ℅ көп орындалды (804,5 мың теңге);

Жер учаскесін сатып алу-сатудан 7 811,9 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 6 770 мың теңге, немесе 115,4 % орындалып, 2020 жылмен салыстырғанда 194 % көп орындалды (4 019 мың теңге).

 

Анықтама:

2021 жылы «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен келісім шарттар жасалды:

 28 жер учаскесін сату-сатып-алу келісім шарт – 4 231,228 мың теңген;

 65 жер учаскесін жалға алу келісім шарт – 4 474,792 мың теңге;

15 жер учаскесінің жалға алу құқығын сату-сатып-алу келісім шарт – 27 804,856 мың теңге;

6 жер учаскесін өтеусіз негізде жалға алу келісім шарт.

Барлық сома – 36 510,876 мың теңге.

Жеке тұрғын үй құрылысы

2021 жылдың 31 желтоқсан жағдайына жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алу бойынша арнайы есепке 444 азамат қойылған.

2018 жылдың қараша айында Тәуелсіздік көшесінде 61 жер учаскесінен тұратын жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаң дайындалды. Қазіргі уақытта осы учаскелерді кезекке сәйкес беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 34 жер учаскесі берілді.

Жер учаскелерін сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату

2021 жылы учаскелерін сату бойынша 2 аукцион өткізіліп, 2 коммерциялық мақсаттағы және 7 көлікжай құрылысын салу үшін,  жалпы сомасы 26 309,664 мың. теңгеге жер учаскелері сатылды.

«Қарағанды облысының жердің пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-мен өз ара әрекеттесу

Жалпы көлемі 178,19 га ұзақ уақыт пайдаланылмай  жатқан 30 коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері анықталды.

  • жер учаскесі игеруге кірісті.

 14 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

3 жер учаскесі басқа жер иеленушңлердің атына өткен.

5 жер учаскесіне қатысты енгізілген мараторийға сәйкес, тексеру жүргізу тоқтатылды.

2 жер учаскесі бойынша материалдар сот орындаушыларына мемлекет меншігіне қайтаруға жолданды.

Панфилов көшесі, көлікжай массивінде түгендеу жұмыстары

2021 жылы Панфилов көшесі, көлікжай массивіндегі көлікжайларын түгендну және учаскесі мен құрылысқа құқық белгілейтін құжаттарын ұсыну туралы иелеріне 200 ескерту хат көлікжайларға ілінді.

Бүгінгі таңда бөлімге ескерту алған 30 көлікжай иелері келді, оның ішінде 24-ң құжаттары рәсімделген, 4 көлікжай иесі жер учаскесін сауда-саттыққа қойылатын жер учаскелердің тізіміне қосу туралы өтініш білдіреді, қалған 2-і бұзылып алынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 Приозерск қаласы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынатсарын реттеу  мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қала тұрғындары және жұмыс ұжымдары арасында Жер реформасын түсіндіруге арналған іс-шара жоспары дайындалып, 2021 жылғы 1 наурызда бекітілді.

Карантинге байланысты 4 түсіндіру жұмыстары онлайн режимінде ақпарат көздері арқылы өткізілді және 2 мақала «Приозерский вестник» жергілікті газетке жарияланды.

Бос жер учаскелерін Геоақпараттық порталға енгізу

Қала бойынша барлығы 22 бос жер учаскелері 2021 жылы Геоақпараттық порталға еңзіліді, аталған жұмыстар жалғасатын болады.

Сонымен қатар Приозерск қаласының Бас жоспары Геоақпараттық порталға енгізілген.

Салынып жатқан нысандардың мониторингі

Приозерск қаласы бойынша салынып жатқан нысандар саны-14, оның ішінде 2 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда, қалған 8 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтатылды және 4 нысан бойынша құрылыс аяқталды пайдалануға тапсыруға дайындық жүргізілуде.

 

Салынып жатқан 14 нысандар:

 

Құрылысы жүріпр жатқандар:

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ -  Балхашская,8 (1 үй) 5 қабатты тұрғын үй құрылысы.

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ -  Балхашская,8 (2 үй) 5 қабатты тұрғын үй құрылысы.

 

Құрылысы тоқтап тұрғандар:

«Приозерск қаласының ЖТҮШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ – кәріздік тазарту құрылыстарын салу.

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ - Кисунько көшесі,7а «Балбөбек» бөбекжайына жапсаржай құрылысын салу.

ЖК «Казбеков А.» - Дорохов көшесі,15 кафе құрылысын салу.

ЖК «Бекенова М» - Кисунько көшесі,7б қосалқы үй-жайға жапсаржай құрылысын салу.

«Приозерские  теплицы» ЖШС – Дружба Народов көшесі, 21 жылыжай кешенін салу және оған қызмет көрсету.

ЖК «Бернадский С.А.» - Абай көшесі, 24/3 мекен-жайындағы демалыс аймағы ғимараттарының кешенін салу.

ЖК «Аханов Х.Н.» - Дружбы Народов көшесі,1 демалыс аймағының құрылысын салу.

ЖК «Халикова А.А.» - Абай көшесі,16/4 демалыс аймағының құрылысын салу.

 

Құрылысы аяқталған және пайдалануға беруге дайындалуда:

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ - Транспортная және Тәуелсіздік көшелері бойынша жобаланатын тұрғын үйлерге ИКИ құрылысы. Кәріз желілері.

«Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ - Достық көшесі, 1а бойынша 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы.

ЖК «Алибаева Ж.А.» - Абай к-сі,13/1, мини-қонақ үй кешені құрылысын салу.

ЖК Архабаева М.О. - Кисунько көшесі, 3/2 мекенжайындағы жапсаржай және қондырмасы бар дәріхананы қайта жаңарту.

 

 

Приозерск қаласының

жер қатынастары, сәулет және

қала құрылысы бөлімінің басшысы                                    С. Бұқпантаев

 

 

 

 

«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2021 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
14 июня 2022