2026 жылғы 10 қазанда Сауыр жалпы орта білім беретін мектебінің, М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінің және Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің базасында 2–8 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Зияткерлік сайыс 2 бағыт пен 12 секция бойынша ұйымдастырылып, оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін және жаңашыл идеяларын танытуға мүмкіндік берді.
Байқауға бастауыш буыннан 92 оқушы қатысып, 84 жоба қорғады. Ал орта буыннан 113 оқушы қатысып, 101 жоба таныстырды.
Конкурс аясында оқушылар математика және қолданбалы математика, физика, ғарыш және жер туралы ғылымдар, информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия, туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі, химия және биология, экология, адам денсаулығы және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация, тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық, этномәдениеттану және мәдени мұра, технология, өнер, дизайн және креативті индустриялар бағыттары бойынша өз жобаларын қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 45 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
Жас зерттеушілерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік, тың идеялар, сенімді қадамдар мен жоғары нәтиже тілейміз!
Жас ізденімпаздардың ғылыми жетістіктері арта берсін!
#Зерде #ЖасЗерттеушілер #ҒылымиЖоба #Білім #ДарындыБалалар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.
📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 10 маусым – 31 тамыз аралығы
💻 Өтініштер «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады:
egov.kz
📢 Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз.
14.05.2026 жылы Өскемен қаласында өткен жыл сайынғы XIII “New Generation” IT фестивалінде “Кеңсай орта мектебі” КММ-нің 10-сынып оқушылары Жүнісбекова Перизат пен Саянқызы Инабат жүлделі II орын иеленді.
Сонымен қатар, “Skills for Geeks” IT чемпионатының облыстық кезеңінде М. Дауленов атындағы мектеп-интернатының оқушылары Аленов Алишер, Бекшойынов Диас, Айдарұлы Досым, Дәуренұлы Мирас жүлделі III орынға ие болып, бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Жас IT мамандарының жетістігі – ауданымыздың мақтанышы! ✨
Білім мен технологияны ұштастырып, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымызға алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа жеңістер мен шығармашылық биіктер тілейміз!
02.05.2026 жылы Зайсан ауданында мектеп түлектерінің игі бастамасы жүзеге асты. Биылғы түлектер өз мектептерінің аумағына естелік ретінде ағаш көшеттерін отырғызу арқылы туған білім ордаларына деген құрметтері мен алғыстарын білдіруде.
Бұл шара – тек қоршаған ортаны көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың туған мектебіне деген сүйіспеншілігін арттырып, келешек буынға өнегелі үлгі боларлық маңызды қадам. Әр отырғызылған ағаш – түлектердің мектеппен мәңгілік байланысының белгісі.
Аталған бастама аудан мектептерінде кеңінен қолдау тауып, игі дәстүрге айналуда. Болашақта бұл көшеттер жайқалып өсіп, білім ордаларының ажарын аша түсетіні сөзсіз.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған облыстық “Балдырған” олимпиадасының аудандық кезеңі 2, 3, 4 сынып оқушылары арасында математика, қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану және орыс тілі пәндері бойынша жоғары деңгейде өтті.
Білім бәйгесінде өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын көрсеткен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Алдағы сындарда сәттілік тілейміз, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
28.04.2026 жылы Сауыр жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының аудандық бірінші кезеңі өткізілді.
Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген 6 (Айнабулақ орта мектебі, Жарсу орта мектебі, Ю. Гагарин атындағы орта мектебі, М. Әуезов атындағы орта мектебі, Сарытерек орта мектебі, Шілікті орта мектебі) мектептің ұсынған материалдары сараптамадан өткізілді. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына үміткерлердің құжаттарын қарау мақсатында білім беру қызметкерлерінен құралған конкурстық комиссия жұмыс істеді. Сонымен қатар, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін ауданның зейнеткер педагогтері қатарынан тәуелсіз бақылаушылар тартылды.
Қатысушы мектептердің жұмыстары қорытындыланып, сараптама нәтижесі бойынша І орын иеленген Сарытерек орта мектебі конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылды.
2–11 сынып оқушылары арасында шахматтан өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Зайсан ауданының құрамасы жүлделі II орын иеленді! Бұл – білім мен стратегиялық ойлаудың, сабыр мен шеберліктің нәтижесі. Оқушыларымыздың табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысы жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдеді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!
Мектеп лигасында 7–8 сынып оқушылары арасында қыздар баскетболынан өткен облыстық кезеңде жүлделі III орын иеленген “Абай атындағы орта мектебі” КММ оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Команданың табандылығы мен ауызбіршілігі, жеңіске деген жігері — үлкен жетістіктің айқын дәлелі.
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! Алға, чемпиондар!
АӘжТД пәні мұғалімі ретінде оқушыларымызды “Шығыс Айбыны-2026” конкурсының облыстық кезеңіне дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жас сарбаздарымыз әскери-патриоттық бағытта білімдерін жетілдіріп, саптық дайындық, физикалық шынығу және командалық рухтарын нығайтуда. Бұл сайыс – тек бәсеке ғана емес, сонымен қатар отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды алаң. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Алға, жас айбындықтар!
ШҚО ББ" Örken " Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 8 сәуірде 10+ және 14+жас санаттарында "Бағдарламалау" және "3D модельдеу" құзыреттіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы "Skills for geeks" облыстық чемпионатын өткізді.
Чемпионат оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ оларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынды М. Дәуленов атындағы мектеп-интернатының оқушылары Аленов Алишер мен Айдарұлы Досым "3D-модельдеу" құзыреттілігінде иеленді, жас санаты 14+:
Құзыреттер бойынша жалпыкомандалық марапаттау рәсімі 2026 жылғы мамырда "New Generation" 13-ші жыл сайынғы облыстық IT-фестивалі шеңберінде өтеді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен, ал Чемпионаттың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады.
Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!