Меню

Страницы

Статья

Жалпы орта білім беруді дамыту

Жалпы орта білім беруді дамыту

Жаңа 2021-2022 оқу жылында Зайсан ауданында 47 білім беру ұйымы өз қызметін жалғастырады, оның ішінде:

- жалпы білім беретін мектептер-27;

- балабақшалар-18,оның ішінде мемлекеттік -7, жеке-11;

- қосымша білім беру мекемелері-2.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 6490-нан астам оқушы 27 жалпы білім беретін мектепте оқитын болады. Бірінші сыныпқа 630 бала қабылданады. Мектепалды даярлық сыныптарында 545 бала оқитын болады.

Оқыту тілі бойынша жалпы білім беретін 27 мектептен:

- қазақ тілінде білім беретін-25;

- аралас мектептер-2.

Қазақ тілінде оқытатын сыныптар саны-381, оқушылар контингенті-6174

Орыс тілінде оқытатын сыныптар-20, контингенті-322.

Сыныптардың жалпы саны-401 (6496 бала) .

Сынып-жинақтардың жалпы саны-401 бірлікті құрайды. Оның ішінде:

-қазақ тілінде білім алушылар-381

-орыс тілінде -20

Мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін мектептерде дайындық курстары жұмыс жасайды.

Аудан мектептерінің барлық оқушылары оқу жылының басында оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілді.

Бастауыш сынып оқушыларын жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етуге қатысты-жұмыс дәптерлерін сатып алу міндетті емес және бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс дәптерлерін сатып алуды талап етпеуі керек. Оқу процесінде қарапайым дәптерлерді қолдануға болады.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың барлық балалары тегін мектеп формасымен, аяқ киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Аудан мектептерінің көп балалы және аз қамтылған балаларына арналған аяқ киімді «Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС тігеді. Биыл қысқы аяқ киіммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бір жұптың бағасы - 18 000 (он сегіз мың) теңге. Тегін қысқы аяқ киімді жеткізу 2021 жылдың 25 қыркүйегіне дейін жоспарланып отыр.

Ауыл мектептерін жаңғырту аясында Nur Otan партиясының «өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын сапалы орындау мақсатында төрт мектепте (М.Әуезов атындағы ОМ, Ю.Гагарин атындағы ОМ, М.Ломоносов атындағы ОМ, Х.Мұстафина атындағы МЛ) кітапханаларды, мектеп асханаларын (бейнебақылау жүйесі) және оқу кабинеттерін (жаңа модификация кабинеттері) жарақтандыру жүргізілуде.

Мектептері жоқ елді мекендерден балаларды жеткізуді жүзеге асыру үшін «Көгедай орта мектебі» КММ-де ескірген автобусты ауыстыру үшін Dong Fend BWC 6655GA5 School Bus маркалы автобус сатып алынды.

Жылыту маусымына алдын ала дайындық мақсатында қатты көмір сатып алу бойынша шарттар жасалды (Ю.Гагарин атындағы ОМ, Қаратал ОМ, Сарытерек ОМ, Абай атындағы ОМ, Кеңсай ОМ, Жарсу ОМ, Мұқарама атындағы ОМ, Амангелді атындағы ОМ, Көгедай ОМ, Шілікті ОМ, Шекарашы ОМ, Тасбастау ОМ, Саржыра ОМ, Орманбетов атындағы ОМ, Қарасай НМ). Көмір тасымалы ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады.

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
14 декабря 2023
ШҚО Зайсан ауданының консультациялық пункттері
Хабарлама
14 ноября 2023
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы