Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту
Зайсан ауданында 17 балабақша (7 мемлекеттік, 10 жекеменшік), 14 шағын орталықта 1678 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.
3-6 жас бойынша мектепке дейінгі біліммен – 100% (1584 ), 1-6 жас бойынша – 92,6% (2189) оның ішінде балабақшада – 1294 (мемлекеттік – 669, жекеменшік – 605), шағын орталықта – 384 (ауыл – 384).
Жалпы аудан бойынша 1-6 жас аралығында 746 бала мектепке дейінгі мекемелерге кезекте тұр, оның 476-сы 3 жасқа дейінгі балалар.
Кезектегі бала санын азайту мақсатында Зайсан ауданында жеке кәсіпкер Г.С.Сабиева 50 орындық «Сәби» балабақшасын ашып, «Күншуақ», «Шың», «Балапан» жеке меншік балабақшалары қосымша топтар ашуды көздеп отыр.
Айнабұлақ ауылының «Балдырған» бөбекжайында, Дайыр ауылының «Балғын» бөбекжайында, Сарытерек ауылының «Балауса» бөбекжайында қосымша топтар ашу жоспарлануда (25 баладан 3 топ).
Мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 177 педагог жұмыс істейді (балабақшаларда – 153, шағын орталықтарда – 24)