Инклюзивті білім беру
Зайсан ауданы бойынша 25 орта білім беретін және 2 бастауыш мектеп бар. Ауданда 0-18 жас аралығындағы жалпы мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны – 460, мектепте білім алып отырған оқушылар саны – 150, ол 32,6 %-ды құрайды. Аталған оқушылар ауданның 23 білім беру мекемесінде білім алып отыр. Оның ішінде ПДТ (психикалық дамуы тежелген) – 79, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары – 18, тіл мүкістігімен – 26, миопия – 1, аутизм – 3, интеллект бұзылыстары – 9, басқа бұзылыстармен – 14 бала отыр. Инклюзивті білім беру ерекшеліктері бойынша ауданымызда 132 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қараша айынан бастап 50 педагог республикалық біліктілікті арттыру курстарынан өтеді деп жоспарланып отыр.
Аудан бойынша мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен түзету дамыту жұмыстарын арнайы мамандарға штат қарастырылмағандықтан мектеп психологтары жұмыс атқарып отыр. Қазіргі кезде ауданымызда 29 психолог және 1 дефектолог маман жұмыс жасап отыр. ҚР Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес дене дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысы үшін; ақыл-есі кем даму мүмкіндіктері бар білім беру ұйымдарында оқуға жататын педагогтеріне базалық лауазымдық айлықақысының 40% - ы мөлшерінде қосымша ақы жүргізіледі.