Дарынды балалармен жұмыс
2020-2021 оқу жылында Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің дарынды балалармен жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағында бірқатар зияткерлік сайыстар, олимпиадалар, әдеби оқулар, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар ұйымдастырылды.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жылдық жұмыс жоспарына және Зайсан аудандық білім бөлімінің дарынды оқушылармен жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес аудан мектептерінің республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға ауданның 17 орта мектебінен 55 оқушы қатысып, 12 оқушы жеңімпаз атанды. Аудандық кезеңнен жоғары ұпай жинаған 4 оқушы:
Биология пәнінен – Мүкарама атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Нұрбекова Айзере;
Физика пәнінен – Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы – Ерланұлы Нұрдәулет;
Математика пәнінен – Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы – Аманкелдинова Мәдина Айдарқызы;
Химия пәнінен – Жарсу орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Қабдыл Сайра олимпиаданың өңірлік кезеңіне жіберілді.
Президент олимпиадасының өңірлік кезеңінің қорытындысы
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден өткізілген Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінде – Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары – Аманкелдинова Мәдина – ІІІ орын, Ерланұлы Нұрдәулет – ІІІ орын иеленді
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінің бірінші айналымына ауданның 21 мектебінен қатысуға тапсырыс беріліп 83 оқушы қатысты:
Конкурстың облыстық кезеңіне аудандық кезеңнің жеңімпазы – Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушылар командасы қатысып:
- «Менің кіші Отанымның символы» бейне фильмдер сайысында 10 сынып оқушысы – Асқарқызы Ұлпан ІІ орын;
- «Менің кіші Отанымның тарихы» сайысында 9 сынып оқушысы – Дүйсебаева Қарақат ІІ орын;
- «Менің кіші Отанымның болашағы» сайысында 9 сынып оқушысы – Әмірбекұлы Асылбек –ІІІ орын иеленді.
Республикалық «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына және Зайсан аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурсқа аудан мектептерінен 140 оқушы қатысып, 73 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі І орынды иеленген 11 оқушы конкурстың облыстық кезеңіне комиссия мүшелерінің шешімімен жолдама алды. Соның ішінде 7 оқушы І орын және ІІІ орындар иеленіп жүлдемен оралды. Атап айтсақ, Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Мәлікұлы Алихан, Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Шүкірхан Еркежан Дарханқызы, М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушысы Зекен Ернат жүлделі І орынға ие болды. «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алды. А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің 2-сынып оқушысы Айдос Толқынұлы, Мұжықсу негізгі орта мектебінің 2-сынып оқушысы Бақытбекова Жаннұр Бақытбекқызы, Мұжықсу негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ақат Жәнипа, С.Биқадамов атындағы шағын жинақты бастауыш мектебінің 4-сынып оқушысы Орманқызы Іңкәр жүлделі ІІІ орындарға ие болды.
Республикалық «Лингвист» олимпиадасы
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жақсарту және тереңдету.
Лингвист олимпиадасына аудан көлемінен 19 мектептен 38 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ орынды – Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы – Ермекқызы Балнұр және 11 сынып оқушысы – Дауренова Диана иеленді. ІІІ орынды – М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы – Алтынбек Ақбота, Қаратал орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Бекназар Мирас Рахатұлы, Мүкарама атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы – Қайдарова Балнұр иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінің өтуі туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан Ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына және Зайсан аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі оффлайн форматта өткізілді. Конкурсқа аудан мектептерінен 85 оқушы қатысып 56 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облысқа барлығы 11 оқушы жолдама алды. Соның ішінде облыстық кезеңнен 6 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аманкелдинова Мәдина Айдарқызы жүлделі І орынға ие болды. М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушылары Ризабек Айназ пен Ставский Руслан жүлделі ІІ орынға ие болды. Абай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жеңісбек Жанерке жүлделі ІІ орынға ие болды. Қаратал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Серікқызы Ақбота жүлделі ІІ орынға ие болды. «Республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің екінші кезеңіне жолдама алды. М.Әуезов атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ахатова Айзада жүлделі ІІІ орынға ие болды. «Республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің екінші кезеңіне жолдама алды.
ІQanat републикалық олимпиадасы
IQanat републикалық бағдарламасы – Қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы үздік жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің дарынды оқушыларын қолдау, ынталандыру. Бағдарлама Қазақстан аймақтары бойынша бірнеше іріктеу кезеңі арқылы өткізіліп, ең таңдаулыларының еліміздің ұлттық және шетел бастаушы жоғарғы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне ықпал етуді көздейді. 06.11.2021 күні М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде 8-сынып оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті. Олимпиадаға Зайсан ауданындағы ауылдардан барлығы 115 оқушы қатысты. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша Іqanat олимпиадасының 2-ші кезеңіне 23 оқушы өтті.
«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты конкурс өткізілді. Зайсан ауданынан «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінен» оқушылар облыстық кезеңге барып қатысып, «Алаш арысы – Әлихан Бөкейхановтың тұлғалық келбеті мен өмірі, еңбектері» тақырыбында қойылым қойды. Нәтижесінде Зайсан ауданы командасы конкурстың облыстық кезеңінен жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары
«Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының мүшесі болып қабылданған Шілікті орта мектебінің 7-сынып оқушысы Қайырбек Ернұр республикалық кезеңге қатысып, республикалық кезеңнің І орын жүлдегері атанды. Ауыл – қазақы тәрбиенің, ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмағын ортасы. Ернұр – шалғайдағы алыс ауылда да, шағын ғана мектептен де терең білім алып, елін сүйер азаматтардың өсіп келе жатқанының тағы бір дәлелі.
5-6 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиадасы
Аудандық кезеңге барлығы 150 оқушы қатысып, 16 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту. Зайсан ауданынан облыстық кезеңге 15 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Сарытерек орта мектебінің 5-сынып оқушысы Сайлауов Ердос қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІ орынды иеленді Қаратал орта мектебінің 6-сынып оқушысы Сайранов Дінмұхаммед қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІ орынды иеленді. М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Андрияка Марьяна орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі пәнінен жүлделі ІІ орынға ие болды. Қаратал орта мектебінің 6-сынып оқушысы Болатова Амина қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәнінен жүлделі ІІ орынға ие болды. Амангелді атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Ақанова Нұрай ағылшын тілі пәнінен жүлделі ІІІ орынға ие болды М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Нурлыбекқызы Нұрай орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Оқушыларымызға армандарың асқақ, мақсаттарың анық, талаптарың таудай болсын деп тілейміз. Осы қарқынмен әлі талай облыстық, республикалық сайыстарда үздік атанып, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!