Меню

Страницы

Статья

Оқушыларды қосымша біліммен қамту

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің«Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша мәлімет

2023-2024 оқу жылында: мұғалім саны - 35, оның ішінде педагог-зерттеуші-2, педагог-эксперт-2, педагог-модератор -7, жоғары санатты-3, І санатты-7, ІІ санатты-4, оқушы саны – 685

Жаңа оқу жылында Айнабулақ ауылынан хореография, дәстүрлі ән сыныптары, Жаңатурмыс ауылынан домбыра  үйірмесі ашылды.

24 наурызда Астана қаласында «Шашу» атты халықаралық байқауда жеке би номинациясы бойынша Байботанова Дильназ 2-орынға , «Алау» би тобы 1 –ші және 2-ші орындарға ие болып,  25 наурызда  «MEGA KONKURS» атты халықаралық көпжанрлы өнер байқауында «Алау» би тобы бас жүлдені жеңіп алса, жеке би номинациясында Байботанова Дильназ бас жүлде иегері атанды.

13 сәуір күні «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты республикалық форумының облыстық кезеңіне актерлік шеберлікке даярлау сыныбының оқушылары қатысып, Ғазизова Айым мен  Төлешова Диляра 1 орын, Сымбатова Дильназ бен Нағымбек Еркежан 2 орын және Алимхан Айдана сертификатпен марапатталды.

6 мамыр күні Түркістан қаласында өткен «TURKESTANCITYFEST» атты  халықаралық көпжанрлы өнер фестиваль байқауына «Жауқазын» би тобы «Жайлауда» биімен VIP бас жүлдеге , жеке би номинациясы бойынша Мирғали Нұрай VIP бас жүлдеге ие болып, Түрік еліне жолдама алса, «Махамбет» биімен бас жүлдеге, «Шашу» биімен 1 орынға ие болып,үлкен жетістіктерімен оралды.

2023 жыл  маусым айының 17-де  Стамбул қаласында өткен «Summer Fest» халықаралық байқауында «Алау» би тобы бас жүлдені иеленді.

2023 жылы шілде айының 5-де  Стамбул қаласында өткен  «International Istanbul -Culture  Days  Dance» халықаралық байқауында «Жауқазын» би тобы бас жүлде,  І орындарды иеленді.

Жеке би номинациясы бойынша Мирғали Нұрай бас жүлдені жеңіп алды.

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жаңа оқу жылы бойынша мәлімет

Шығармашылық орталықта бүгінгі таңда 12 үйірме жұмыс атқаруда. Атап айтқанда: бастапқы техникалық модельдеу және қол өнер, жалпы техникалық модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, көркем сурет және графика, интеллектуалды жастар, шахмат, экология-биологиялық бағытта жас гүл өсірушілер,  фитодизайн, балғын зоологтар, жас табиғат зерттеушілер үйірмелері.

Биылғы оқу жылында Мүкарама, Шілікті орта мектептері мен Мұжықсу негізгі орта мектебінен техника модельдерін жасау үйірмесі ашылды. Орталықта қазір 14 педагог қызмет атқаруда,  жоғары санатты-1, бірінші санатты-1, педагог-эксперт-1, педагог-зерттеуші-2, педагог-модератор-2, санаты жоқ- 7.

Шығармашылқ орталығына 6-17 жас аралығындағы оқушылар қабылданады. Биылғы оқу жылында   276 оқушы білім алуда.

Биылғы оқу жылының қыркүйек айында облыстық  “Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам “ атты инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңіне техникалық бағыттағы үйірмелерден  8  номинация бойынша 6 оқушы қатысты.  

Байқау нәтижесінде ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша Болатов Арнұр I орын (жетекшісі Д.Акболов), авиация саласындағы модельдер номинациясы бойынша Мұратов Тұрар         I орын, Айдосұлы Ерсайын II орын (жетекшісі Д.Акболов), Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша Мұратов Тұрар         II орын (жетекшісі Д.Акболов), Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер номинациясы бойынша Заманбек Олжас III орын (жетекшісі Д.Акболов), Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша  Олегов Мадияр III орын (жетекшісі С.Габбасов), Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша Олегов Мадияр III орын (жетекшісі С.Габбасов), Су көлік саласындағы техникалық құрастыру номинациясы бойынша Шәкірт Ернәби (жетекшісі С.Габбасов) III орынды иеленді.

Дата публикации
30 сентября 2023
Дата обновления
30 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
14 декабря 2023
ШҚО Зайсан ауданының консультациялық пункттері
Хабарлама
14 ноября 2023
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы