GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
30 сентября 2026
МАҢҒЫСТАУДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Маңғыстау облысында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында өңір кәсіпкерлерін қолдау, жергілікті өндірісті дамыту және бизнеске көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі — Жаңаөзен қаласында жүзеге асырылып жатқан жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және бизнесті оқшаулау жөніндегі табысты жобаны Маңғыстау облысының барлық аумағына масштабтау мәселесі болды. Осы бағытта Шұғыл шаралар жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Аққу Айтжанова баяндама жасап, жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану мен олардың сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту тетіктеріне тоқталды.

Өңірлік кеңес мүшелері мен облыс әкімі жергілікті тауар өндірушілердің өзекті мәселелерін талдап, қолдау шараларын облыс деңгейінде кеңейтуге қатысты ұсыныстарды қарастырды.

Сонымен қатар отырыс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тарапынан «Атамекен» МҚҰ» ЖШС-не қаражат бөлу мәселесі көтерілді.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды бастама — кәсіпкерлерге «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін Smart Office орталығын ашу. Аталған орталық бизнес өкілдеріне қажетті қызметтер мен консультацияларды бір жерден алуға мүмкіндік беретін заманауи алаңға айналмақ.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар тұжырымдалып, өңірде бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру және жергілікті өндірісті өркендету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру жүктелді.

30 сентября 2026
Сенбілік

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Каспий теңізінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты — теңіз жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Өткізілген іс-шара барысында:

Теңіз жағалауының белгіленген аумағы қатты тұрмыстық қалдықтардан, пластик және полиэтилен қалдықтарынан тазартылды;

Жағалауға шығып қалған қамыс, балдырлар мен табиғи қалдықтар жиналды;

Жиналған қоқыс сұрыпталып, арнайы техникамен полигонға шығарылды;

Демалушылар арасында жағалауды ластамау және тазалықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған экологиялық акция Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Акцияға қатысушылар табиғатты аялау және қоршаған ортаны сақтау — әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік сатып алуды өткізу
30 сентября 2026
СЕМИНАР

Ағымдағы жылғы 14–15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге бағытталған семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Күн тәртібі шеңберінде мынадай негізгі мәселелер қаралды:

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау: Жылдық жоспарды қалыптастыру, бекіту және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырудың бекітілген тәртібі

Конкурстық рәсімдер: Конкурстық құжаттама мен техникалық ерекшелікті талаптарға сай әзірлеу, өтінімдерді қарау және жеңімпазды анықтау процесі

Шарттық міндеттемелер: Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу, орындау, бұзу тетіктері және міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін көзделген жауапкершілік

Заңнамадағы өзгерістер: «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына енгізілген соңғы толықтырулар мен түзетулер, сондай-ақ камералық бақылау нәтижелері бойынша жиі анықталатын заңбұзушылықтардың алдын алу жолдары.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеудің практиалық кейстерін талдап, өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Аталған іс-шара мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, жариялылығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға алдағы жұмыста басшылыққа алу үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.

01 июля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Құрметті отандастар!  

Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!

18 июня 2026
Маңғыстауда санитариялық ахуал мен «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы талқыланды

Бүгін, 29 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаевтың мәліметінше, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда. 2026 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша аса қауіпті инфекциялар тіркелмеген. Сонымен қатар бірқатар жұқпалы аурулар бойынша төмендеу байқалғанымен, қызылша ауруының өсімі көрсетілген. Аурудың басым бөлігі балалар арасында кездеседі және науқастардың көпшілігі вакцина алмаған. Сонымен қатар туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.

Өңірде вакцинациялау жұмыстары жанданып келе жатқанымен, жоспарлы екпелермен қамту деңгейі әлі де жеткіліксіз. Әсіресе Ақтау қаласы мен бірқатар аудандарда көрсеткіш төмен. Екпеден бас тарту деректері де өсіп отыр.

Осыған байланысты облыс әкімі халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, екпемен қамтуды арттыру, медициналық ұйымдардағы мониторингті жүйелеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жиында сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы қаралды.

Биыл облыс көлемінде өткізілген сенбіліктерге 51 мыңнан астам адам қатысып, 7 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 1 800-ден астам арнайы техника жұмылдырылып, 4 мың тонна қоқыс шығарылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі акциялар мен ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар экобелсенді азаматтарды ынталандыру мақсатында арнайы номинациялар тағайындалып, үздіктер марапатталды. Өңір тұрғындарынан түсетін өтініштерді жедел қарау үшін арнайы цифрлық платформалар мен чат-боттар іске қосылған.

Жиынды қорытындылаған Нұрдәулет Қилыбай санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, вакцинациялау қарқынын арттыру және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

30 апреля 2026
Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін, 29 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала кезектілік тәртібімен жазылған азаматтар қатысты.

Кездесу барысында өңір тұрғындары денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, азаматтық рәсімдеу, сондай-ақ еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелерін жеткізді.

Облыс әкімі әрбір өтініш иесінің мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы орган басшыларына тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

30 апреля 2026
Маңғыстауда 160 мыңнан астам оқушының жазғы демалысы ұйымдастырылады

Бүгін, 29 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста білім беру саласына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру, оқу жылының аяқталуы және оқушылардың жазғы демалысын қамтамасыз ету барысы талқыланды.

Өңірде 737 білім беру ұйымы жұмыс істеп, 267 мыңнан астам бала қамтылған. Биыл 193 мыңнан астам оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде 11-сыныпты 10 030 түлек бітіреді. 367 оқушы «Алтын белгіге», 635-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

ҰБТ-ға биыл 8 мыңнан астам түлек қатысуға ниет білдірген. Облыста 3 тестілеу орталығы жұмыс істейді. Дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында білім сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар жүргізілуде, оқушылардың дайындық деңгейі тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар түлектерге кәсіби бағдар беру бағытында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының қатысуымен арнайы көрмелер ұйымдастырылды.

Жазғы демалыс кезеңінде 160 мыңнан астам оқушыны сауықтыру және түрлі бағыттағы шаралармен қамту жоспарланып отыр. Балалардың бос уақыты сауықтыру-еңбек, танымдық-шығармашылық, спорттық және туристік бағыттар бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу үшін 245 сауықтыру орны жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Жиында өңір басшысы білім сапасын арттыру, ҰБТ-ны сапалы ұйымдастыру және оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

– Біз үшін ең бастысы – балаларға сапалы білім беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ҰБТ-ны жоғары деңгейде ұйымдастырып, әрбір түлекке өз білімін толық көрсетуге мүмкіндік жасауымыз қажет. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуін қатаң бақылауда ұстаңыздар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

22 апреля 2026
Таза Қазақстан: Ақтау қаласының әкімі шаһардың белсенді азаматтарымен бірге ағаш отырғызды

18 сәуір күні, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындары арасындағы белсенді азаматтармен бірлесіп, көгалдандыру шарасына қатысты. Ауқымды экологиялық акция бұл жолы 26 шағын аудан аумағында ұйымдастырылды.

Іс-шараға мәдениет және спорт саласының өкілдері, студенттер мен оқушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ белсенді интернет-блогерлер мен медиа саласының өкілдері қатысып, қала аумағын көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Қатысушылар бірлесіп ағаш отырғызып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған маңызды бастамаға қолдау көрсетті.

Әбілқайыр Байпақов экологиялық акциялардың қала келбетін жақсартудағы маңызын атап өтіп, шараға қатысушыларға алғысын айтты.

- Қаланы көгалдандыру – баршамызға ортақ міндет. Табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту арқылы біз келер ұрпаққа жайлы әрі көрікті орта қалыптастырамыз. Осындай игі іске белсенді қатысып жатқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Сонымен қатар, іс-шара аясында қала әкімі өзі тұратын аулаға 500-ге жуық ағаш отырғызған белсенді жас, табиғат жанашыры Жандарбек Күзембайды арнайы марапаттап, оған алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Жалпы көгалдандыру шарасы барысында 100 түп үйеңкі ағашы отырғызылды. Қатысушылар мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді әрі ерікті түрде атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Қала аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 апреля 2026
Әрекет алгоритмі есірткінің "бетбелгілері" анықталған кезде немесе оларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар

Жалпы принциптер Жеке қауіпсіздік-басымдық. Қатаң тыйым салынады: күдікті заттарға қол тигізу, күдікті адамдарды өз бетінше ұстау. Барлық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы тиіс.

Есірткінің "бетбелгісі" анықталған кезде

  • Затты ұстамаңыз.
  • Орналасқан жерді бекітіңіз (координаттар, фотосуреттер, бейнелер,).
  • Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  • 102 операторына қолда бар ақпаратты (нақты мекенжайы, бағдарлары, заттың сипаттамасы) беру.
  • Мүмкіндігінше визуалды бақылауды қамтамасыз етіңіз, зат үшін, полиция келгенге дейін.
  • Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет етіңіз.

Есірткі ипотекасын (курьерін) белгілеу кезінде

  • Байланыс жасамаңыз.
  • Күдіктінің белгілерін (жалпы сипаттамасы: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, жүру бағыты, автокөлікте мемлекеттік нөмірлердің болуы) жазып алыңыз.
  • Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  • Операторға 102 максималды ақпарат беріңіз.
  • Қауіпсіз жерде бақылау
03 апреля 2026
Ақтау қаласында туристік саланың өзекті мәселелері талқыланды
Бүгін, 31 наурыз күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекнұр Бәлиұлының төрағалығымен туристік инфрақұрылымның жай-күйі, туризмді дамыту және теңіз жағалауындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Отырысқа жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысып, алдағы туристік маусымға дайындық барысын жан-жақты талқылады.

Жиын барысында теңіз жағалауындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, демалыс орындарында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, жағажай аумағындағы қауіпсіздік талаптарын күшейту және инфрақұрылымды белгіленген стандарттарға сәйкестендіру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, жағажай аумағындағы санитарлық жағдайды тұрақты бақылау, сапалы интернет байланысын қамтамасыз ету, иесіз жануарларды аулау жұмыстарын жүйелеу, теңіз жағалауының тазалығы мен оны тереңдету жұмыстарын уақтылы жүргізу тәртібі қаралды.

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде жазғы туристік маусымға дайындықты алдын ала пысықтаудың маңыздылығын атап өтіп, туындауы ықтимал мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

– Жазғы маусым кезеңінде тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Демалыс орындары барлық талаптарға толық сәйкес келіп, медициналық қызмет, санитарлық жағдай және жағажай инфрақұрылымы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Бұл бағытта жауапты мекемелер мен кәсіпкерлердің үйлесімді әрі жүйелі жұмысы аса маңызды, – деді Бекнұр Бәлиұлы.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелер мен кәсіпкерлерге туристік маусым қарсаңында қауіпсіз әрі қолайлы демалыс жағдайын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы