Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

21.04
Абай облысы
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2028 жылға дейін Абай облысының суару жүйелерін толығымен қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Министрлік әзірлеген 2024–2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында Абай облысында 6 су қоймасын салу көзделген.

22.04
Астана
Жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 180 млн текше метр болатын су қоймаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағыларды қайта жаңарту көктемгі тасқындарға қарсы тиімді күрес жүргізуге, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында қолдану үшін қар суын молырақ жинауға мүмкіндік береді.

22.04
Астана
Нұржан Нұржігітов су үнемдеу тақырыбындағы республикалық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

23.04
Астана
Испания үкіметі Қазақстанның батысындағы «Көкжиде» жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі. Қазіргі таңда кен орнында зерттеу жұмыстары басталды. Министрлік испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен кен орнында аэромагниттік түсірілім жүргізу туралы келісімге қол қойды.

24.04
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Министр онлайн форматта қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

25.04
Қарағанды облысы
Бір жылда Балқаш көлінде су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілді. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды. 2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өңірдің экологиялық ахуалына және Іле өзенінің сағасына оң әсерін тигізіп отыр.