
15.04
Астана
Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысына қатысып, су тасқыны кезеңі туралы баяндама жасады. Бос орындарды уақытылы дайындау бойынша қабылданған шаралардың арқасында еліміздің су қоймаларында 6,6 млрд текше метр тасқын су жиналды.
17.04
Астана
Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жаңа Су кодексін жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 2027 жылға қарай еліміздің барлық су объектісінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жоспарланып отыр. Ең алдымен ірі су объектілерінде, кейін орта және шағын объектілерде.
18.04
Семей
«Суды үнемде - болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Нұржан Нұржігітов Семей қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының оқушыларына су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізді. Осындай іс-шаралар Қазақстанның барлық мектебінде өтті. Ашық сабақтарға 700 мыңға жуық бала қатысты.
17.04
Түркістан облысы
Түркістан облысының шаруалары қырыққабаттың алғашқы өнімін жинады. Диқандар Су ресурстары және ирригация министрлігіне суармалы суды дер кезінде жеткізгені үшін алғыс білдірді. Бүгінгі таңда облыста 260 тоннадан астам қырыққабат және 40 тоннадан астам салат жапырақтары жиналды.
14.04
Қызылорда облысы
Су шаруашылығының бұрынғы министрі Нариман Қыпшақбаев Көкарал бөгетін 2 метрге көтеруді ұсынды. Су саласы ардагерінің айтуынша, Кіші Аралда 30 миллиард текше метрден астам су жинау мүмкін емес.
16.04
АҚШ
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-та оқудан өтіп жатыр.
16.04
Астана
Нұржан Нұржігітов немістің BAUER президенті Отто Ройспен кездесті. Тараптар Қазақстан аумағында неміс суару жүйелерін өндіруді іске қосу мүмкіндігін талқылады.
18.04.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Суды үнемде – болашақты сақта» атты екінші республикалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Конкурсқа қатысушылар жалпы саны 1 040 жұмыс жіберді.
18.04
СҚО
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймалары тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. 12 сәуірден бастап өңірде көктемгі су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр.