Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарына шолу

26.03.
АСТАНА
Жаңа Су кодексі Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген құжатты Парламент депутаттары мақұлдады.

28.03.
АСТАНА
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды.

26.03.
АСТАНА
Еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Бүгінгі таңда олардың балансына 809 нысан қабылданды, 203 бірлік арнайы техника беріліп, 932 маман жұмысқа орналастырылды.

27.03.
БҚО
Батыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы су қоймаларына жиналған тасқын суды өңірдегі көлдерге жіберуде. Бүгінгі таңда Пятимар қоймасынан Көшім өзенінің төменгі ағысында орналасқан көлдерге су жіберіліп жатыр. Жайық өзені арқылы Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің су қоймаларына секундына 17 текше метр су келуде.

28.03.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары жергілікті дабыл жүйелерімен қамтылған. Төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету үшін қажет дабыл жүйелері Ақтөбе облысы ТЖД орталық басқару пультіне қосылды.