
19.03.
АСТАНА
Нұржан Нұржігітов экономика қажеттілігі мен экожүйені сақтау үшін еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинауды тапсырды. Сондай-ақ, еріген қар суы өзен-көлдерге, шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға жіберіледі.
19.03.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынымен күресу үшін 360 бірлік арнайы техника дайындады. Бұдан бөлек, 32,7 мың тоннадан астам инертті материал әзірленіп, гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды.
18.03.
АСТАНА
Су тасқынына дайындық аясында Қазақстан мен Ресей екі ел арасындағы барлық трансшекаралық өзендер бойынша күнделікті ақпарат алмаса бастады.
20.03.
АСТАНА
Жаңа Су кодексінде су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күресте мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері айқындалды. Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік су инспекциялары арқылы тасқын суды өткізу және қабылдау кезінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен жұмыс режимін бақылайды.
18.03.
БЕЙЖІҢ
Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
17.03.
АСТАНА
Нұржан Нұржігітов су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Су үнемде - болашақты сақта» атты ауқымды жобаны бастады. Бір мезетте Астананың 111 мектебінде сынып сағаттары өтіп, 200 мыңға жуық оқушы еліміздің су ресурстары және оны үнемдеудің маңызы туралы ақпаратпен танысты.
17.03.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Түркістан облысындағы Шардара қоймасы 4 млрд 698 млн текше метр су жинап, 90% толды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млн-ға көп.