
Бұл туралы пресс-тур барысында, «Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры Смайыл Куметов мәлімдеді. Журналистер Жумыспен камту жол картасы бойынша иске асырылатын Көксу богетин реконструкциялау жүмыстарымен танысып, сол жерден суармалы су алатын шаруа қожалықтарының басшыларымен сұхбаттасты. Сондай-ақ, Ислам Даму Банкі желиси бойынша каржыландырылатын Ескелді ауданының суару желилерин реконструкциялау жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Қызылағаш су қоймасы құрылысының аяқталу жұмыс барысын бағамдап қайтты.
Биыл Алматы облысындағы өзендерінде су деңгейінің төмен болуына байланысты «Қазсушар» РМК өңірдегі шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізген болатын. Атап өтсек, бірқатар гидробекеттер мен гидротехникалық курылымдар салынды. Су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынды. Арнайы мамандардан құрылған комиссия су тапшылығы байқалған аймақтарға барып, суармалы судың тең бөлінуін қадағалады.
Су деңгейінің төмен болуына байланысты «Қазсушар» РМК Алматы филиалының мамандары өңірдегі өзендер бойынша су берілу тәртібін әзірледі. Жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесе отырып, су беру кестесін дайындады. Соңғы бір айдың ішінде өңірде су тапшылығы жойылып, жағдай тұрақталды деп айтуға болады» деді Смайыл Куметов.
Күрделі кезеңде қалыптасқан Ақсу ауданындағы су тапшылығы мәселесін оңтайлы шешкені үшін «Алихан», “Квитко” және «Жаксылык» сынды жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары да гидротехник мамандарына алғысын айтты. Тәулік бойы кезекшілік жасап, суармалы жерлерге су жеткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз деді шаруалар.
Бүгінгі таңда облыс бойынша еки ауданда суару желілерін реконструкциялау жұмыстары жүрип жатыр. Олар Ақсу және Ескелді аудандары. Аталмыш елді мекендердегі суармалы жерлердің жалпы аумағы 15.8 мың гектарды құрайды.Осылайша бүгінгі таңда Ескелді ауданындағы механикалық тазарту жұмыстары 86% аяқталған. Ал, Ақсу ауданындағы реконструкциялау жұмыстары 2021 жылдың үшінші тоқсанында мәресіне жетеді деп жоспарлануда деді С.Қуметов.
Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Алматы облыстық бөлімшесі 7 аудан мен 2 қалаға су арналары арқылы суармалы су береді. Олар Алматы облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Үйғыр аудардары мен Қапшағай және Талдықорған қалалары. Бөлімше балансында 15 су алу торабы, 9 су қоймасы және 5.1мың шақырымдық су тарату желілері бар. Ол арқылы 8 ауданның шаруа қожалықтарына суармалы су жеткізіліп отыр.
Биылғы жылдың алғашқы 7 айында «Қазсушар» РМК Алматы филиалы 7 мыңнан астам шаруа қожалығымен келісімшарт жасасқан. Қазіргі таңда көрсетілген қызмет шеңберінде 773 130,4 мың текше метр су таратылған. Ал межеленген жоспар 773 130,4 мың текше метр болатын. Осылайша жоспарды орындау көрсеткіші 100% құрап отыр.