Cу шаруашылығы саласында 62 жыл үздіксіз еңбек сіңірген маман, саланың қалыптасуына маңдай терін төккен ардақты ардагер Нариман Қыпшақбайұлы Қыпшақбаев мен Су кодексінің жасақталуына зор еңбек сіңірген ардагер ардагері Әмірхан Қадырбекұлы Кеншімов Үкімет Қаулысымен бекітілген «Су шаруашылығының ардагері» медалімен марапатталды.
Зейнетке шыққандарына қарамастан қажырлы еңбекті жалғастырып, жинаған білімдері мен тәжірибелерін жастарға үйретіп келе жатқан ардагерлеріміздің еңбегі зор.
«Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен өмірлік қағидаларыңыз біз үшін үлкен үлгі», – деп атап өтті құттықтау сөзінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
